Вторник, 05 июня 2018 09:51

СҚО коммунистері саяси қуғын-сүргін тарихын меңгерді

Оцените материал
(1 Голосовать)

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің ақпараттық-талдау орталығының Арнайы мемлекеттік архивінде ашық есік күні өтті.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері осы шараға қатысты, оларға архивтің жұмысы мен қоры, көрсетілетін қызмет түрлері туралы әңгімеледі, сондай-ақ оларды қуғын-сүргін құрбаны болған әйгілі қазақстандық қаламгер Мағжан Жұмабаевқа қатысты қылмыстық іспен таныстырды.

Арнайы мемлекеттік архивте 15 қор жинақталған. Олардың 3-еуі аса құнды болып саналады, олар: қуғын-сүргінге ұшыраған, сот органдарымен ақталған азаматтарға қатысты қылмыстық істер; бұрынғы КСРО-ның Германиядан жер аударылған, әскери тұтқынға алынған азаматтарының сүзгіден өткен және трофейлік материалдары; ақтауға келмейтін тұлғаларға қатысты қылмыстық істер.  Сондай-ақ «Мемориал», «ҰОС әскери тұтқындары» өздігінен іздеу сервисі бар. Іздеудің мүмкіндіктерін кеңейту үшін аймақ бойынша, сондай-ақ күні бойынша сүзгілеуге болады.

Облыстың ІІД АТО арнайы мемлекеттік архивімен заңды және жеке тұлғаларға екі түрлі қызмет ұсынылады: архив анықтамалары, құжаттардың көшірмелері мен үзінді көшірмелері беріледі; архив анықтамалары мен архив құжаттарының көшірмелеріне апостиль қою.

Архив мамандарының ақпаратына сай СҚО бойынша құғын-сүргінге ұшыраған барлығы – 5 364 адам, олардың 237 әйел, ал 1 589-ына қатаң жаза түрі қолданылған.

Scan 20180604 143542

Прочитано 93 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.