Вторник, 05 июня 2018 10:08

Ақтөбелік коммунистер Көк істек ауылының балаларына арнап мереке ұйымдастырды

Оцените материал
(0 голосов)

Көк істек ауылында ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті ауыл әкімдігімен бірлесіп, Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өткізді.

Іс-шараға «Балауса» балабақшасының тәрбиеленушілері, бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар шақырылды.

– Бала – ең үлкен бақыт және байлық, бала үшін ата-анасының махаббаты мен мейірімінен асқан ештеңе жоқ. Біздің міндетіміз, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғамның күшімен оларды мейірімге, махаббатқа, қамқорлыққа бөлеу, балалардың дамуына жағдай жасау. Президенттің жаңа Жарлығында білім беру мен тәрбиелек ісіне ерекше назар аударылған. Бұл ерте дамытуға жағдай жасау, мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі, ата-аналарға көмек, балалар мен жастар арасындағы дарынды қолдау. Қазақстан Коммунистік  халық партиясының белсенділері қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бұл жұмыста белсенді үлес қосқан, қоса да бермек – деді шараның ашылуында сөз алған облыстық комитеттің екінші хатшысы Б.Е.Жұмағұлов.

Шарада мектеп оқушылары өлең оқып, ән салды. Спорттық шаралар, би және тасжолда сурет салу сайысы өткізілді. Жеңімпаздар спонсорлар атынан сыйлықтарға ие болды. Барлық балаларға балмұздақ, тәтті нан және салқын сусын таратылды. Аз қамтылған отбасынан шыққан үш балаға ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті атынан сыйлық табысталды. «Балауса» балабақшасына спонсорлар музыкалық орталық, спорттық жабдықтар, ойыншықтар сыйлады.

FB IMG 1528088157020FB IMG 1528088157020FB IMG 1528088157020FB IMG 1528088157020FB IMG 1528088157020

Прочитано 88 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.