Вторник, 05 июня 2018 12:17

Семей коммунистері Балаларды қорғау күніне арнап акция өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылғы 31 мамырда ҚКХП Семей қалалық комитетінде хатшы Оксана Шишкинаның басшылығымен Балаларды қорғау күніне арналған акция өткізілді. Олар «Аналар үйіне» барып, уақытша қиын жағдайда қалған отбасындағы аналар мен балаларды шақырды.

Партия белсенділері Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсету үшін жасап жүрген қызметтері туралы әңгімеледі. Барлық қатысушы балаларға қалалық комитет атынан сыйлықтар табысталды, ал аналарға олардың аналық миссияларын абыроймен атқарып жүргендеріне алғыс пен қолдау сөздері айтылды. Өз кезегінде аналар ҚКХП қалалық комитетіне көңіл бөлгендері үшін ризашылықтарын жеткізді.

20180601 164021

Прочитано 589 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.