Вторник, 05 июня 2018 11:04

Алматы облыстық комитетінде ауылдық аумақтарды дамыту бойынша қоғамдық тыңдалым өтті

Оцените материал
(0 голосов)

4 маусым күні ҚКХП Алматы облыстық комитетінің кеңсесінде үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, күн сайын Талдықорғанға жұмысқа баруға мәжбүр ауыл тұрғындары және қалада ұзақ уақыт тұрса да, қалалық тіркелімі жоқ көшіп келушілер жиналды. Тыңдалымның көптеген қатысушылары облыстық комитеттің қабылдауына әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен өтініш айта келгендер.

Алматы облыстық комитеттің бірінші хатшысы Сәуле Бигарова алғысөзінде партияның ағымдағы жұмысымен таныстырды, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалына жан-жақты тоқталды. Коммунистердің ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты пікірлерін егжей-тегжейлі баяндап берді.

– Ауыл – тәрбиенің, ұлттық дәстүрдің, ең бастысы, еңбекке баулудың негізі, - деді обком жетекшісі.

Астанада ҚРОК ОК бірлескен пленумында ҚКХП-ның ауылдық аумақтарды дамыту сұрақтары бойынша өтініші мақұлданғаны және 2 мамырда ҚКХП ОК хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров депутаттық сауал жолдағаны айтылды. Аталған құжат мәтіні қызығушылық танытқандардың бәріне таратылды.

Кездесуге келген әйелдер жұмыстың жоқтығынан, жалақының төмендігінен азаматтарының вахталық әдіспен басқа аймақтарға жұмысқа баруға мәжбүр екенін мойындайды. Балалар айлап әкелерін көрмейді. Облыс ауылдарының тұрғындары Талдықорғаннан қандай болса да жұмыс табуға тырысса, қала тұрғындары Атырау, Ақтау, Астана, Алматы қалаларындағы мұнай мен құрылыс компанияларына орналасуға ұмтылады. Көп балалы аналар Жадыра мен Бақыт егер туған ауылдарында сапалы өмір сүруге және балаларының білім алуына дұрыс жағдай жасалған болса, қаладағы саяжай мен жалдамалы пәтерде тұрмайтындарын тілге тиек етті.

Талқылау соңында тыңдалымға қатысушылар халық коммунистерінің қызметі ауылды дамытуға түрткі болатынына сенім білдірді.

ҚКХП Алматы  ОК

 123003 123003 123003 123003 123003 123003 123003

Прочитано 77 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.