Четверг, 07 июня 2018 17:31

Күн тәртібінде - ауылдық аумақтар мәселесі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 маусым күні ҚКХП Маңғыстау облыстық бөлімшесінің хатшылары Р.Махамбетова мен Н. Сағындықов Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округының тұрғындарына ауыл шаруашылық кәсібін дамыту және Қазақстан Республикасының бүгіні мен жарқын болашағына партиялардың тигізіп жатқан үлесі туралы кездесу өткізді.  Кездесудің мақсаты Астана қаласында Орталық Комитет пен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының Пленумында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  ауылдық аумақтарды дамыту туралы мәлімдемесін тұрғындарға таныстыру болды.

Кездесуге Батыр ауылдық округінің әкімі Қ.Оңдабаев, Мұнайлы аудандық ауыл шаруалығы басқармасының маманы И.Айтмұханов, Маңғыстау облыстық жер қатынастар басқармасы басшысының орынбасары М.Үйсенов  және мектеп мұғалімдері мен тұрғындар қатысты.

Кездесуге келгендер ауыл шауарышылығы кәсібіне қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды. Кездесу барысында партияның хатшылары мектептің тыныс тіршілігімен танысты.

Мектеп оқушылары оқу барысында жылыжайда қызанақ, қияр, күнзе, аскөк, таңқурай егіп, өсіп шыққан өнімдерді өздерінің асxанасына пайдалануға беріп отырады.  Ұстаздар қауымы жер және баспана мәселелері әлі күнге дейін өз шешімін таппай отырғанын айтты. Кездесуге ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытып отырған қарапайым xалықтың қатыспағаны көңілге қаяу түсірді. Партияның белсенділері кездесуді алдағы уақытта тағы да өткізетінін, қарапайым xалықпен жүздесетінін жоспарлап, көкейкесті мәселелерін тыңдауға,сол мәселелердің оң шешімін табуға атсалысатынын айтты. Кездесу соңында «Коммунист Казахстана» журналы таратылды.

34794681 209819603166595 7473441539708944384 o34794681 209819603166595 7473441539708944384 o34794681 209819603166595 7473441539708944384 o34794681 209819603166595 7473441539708944384 o34794681 209819603166595 7473441539708944384 o34794681 209819603166595 7473441539708944384 o34794681 209819603166595 7473441539708944384 o34794681 209819603166595 7473441539708944384 o

Прочитано 41 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.