Понедельник, 11 июня 2018 15:42

Ақмола облыстық комитетінің саяси жұмысы сараланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылғы 9 маусымда Көкшетау қаласында ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің пленумы өтті. Жиында облыстық партия ұйымының қызметі тілге тиек етілді.

Пленумға қатысушылар түрлі тақырыптарды талқылап, ҚКХП атынан Зеренді аудандық мәслихатына сайланған депутат М.Молдахметова мен М.Қасымованың жастармен жұмыс жөніндегі есебін тыңдады.

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мажитов өз баяндамасында биылғы жылдың саяси маңыздылығына тоқталып, коммунистердің қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосып отырған үлесі, сонымен қатар ел бірлігі мен адамдардың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстар жайлы айтты.

Обком хатшысы дағдарыс жағдайында  антиқазақстандық күштерді бас пайдасына қолданғысы келетіндер табылып жатқанын жеткізіп, азаматтарды

қарапайым халықтың мәселелерін үнемі бақылауда ұстауды, оларға  арандап қалудан сақ болуды және кез келген ақпараттың ақ-қарасына көз жеткізуді сұрауды өтінді. Ол мүдделестерін партия мүшелерінің сапасын күшейтіп, бірлігін арттыруға шақырды.

Пленум облыстық комитеттің құрамына Мадина Қасымованы  қабылдап, оны қоғамдық бастама негізінде обкомның жастар саясаты жөніндегі хатшысы етіп бекітті.

М.Қасымова жастармен жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын баяндап, БЛКЖО-ның 100 жылдығы аясында өскелең ұрпаққа комсомолдықтардың ерлігін үлгі етіп көрсету маңызды екенін айтты. Ол ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің барлық аудандық комитеттерінде ҚКЖО құрылатынына сенім білдірді.

Мәслихат депутаты М.Молдахметова жиналғандарға аудандық мәслихат деңгейінде көтеріліп жатқан мәселелер, ауылдың инфрақұрылымы, жұмысшылар мен көпбалалы отбасылардың мүддесін қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берді.

Пленум жұмысына М.Жүсіпов, Н.Самиғулина, С.Қайыржанов қатысты. Жиын қорытындысында қаулы қабылданды.

Басқосу барысында бірқатар партия ардагерлеріне  «Партия ардагері» деген төсбелгі табыс етілді.

Аймақтардан келген партия мүшелері ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің  құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.

ҚКХП белсенділерінің тобы мен партия жақтастары Қазақстан халқының мүддесі жолындағы белсенді жұмысы үшін  мерейтойлық медальмен марапатталды.

IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571

Прочитано 66 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.