Қалалық білім беру басқармасының әдіскері М.Әлиева, «Ақ жол» ҚДП облыстық бөлімше төрағасының орынбасары С. Әбдусаттарова, «Ветераны особого риска» ҚБ өкілі С.Қуантаев, «Азаматтық Альянс» ЗТҚ өкілі Р.Рысқұлбекова және басқа да қатысушылар жұмыссыздық аға буын арасында ғана емес, жалпы аймақ бойынша, әсіресе ауылды жерлерде өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысы Е.Көкеев пен Тараз қ. Жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Қабылқұлов жұмыссыздықпен күресуге бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» іске асырылу барысы туралы айтып берді.
Қатысушылар бағдарлама 55-64 жас аралығындағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне еш өзгеріс енгізе алмағандығын айтып, осы мәселені шешуге бағытталған ҚКХП-ның бастамаларына қолдау білдірді.