Понедельник, 18 июня 2018 12:49

Сәт сапар, жас түлек

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов Көкшетау қаласы №1 мектеп-гимназиясының түлектерге арналған  мерекенің арнайы қонағы болып, оқушыларға салтанатты түрде мектеп аттестатын тапсыру рәсіміне қатысты. Бірінші хатшысы өзінің құттықтау сөзінде мектептің педагогикалық ұжымына алғысын білдіріп, мектеп-гимназия оқушыларының арасында ҚКХП-ның «Шапағат» халықтық жобасының волонтерлары көп екенін атап өтті. Мектептің кейбір оқушылары ҚКХП-ның патриоттық және интернационалдық іс-шараларына белсенді қатысып отырады.

Обком жетекшісі Б.Мәжитов Нұржан Смағұлов есімді түлектің ата-анасына баласына өнегелі тәрбие бергендері үшін алғыс хат табыстады.  Нұржан үздіктердің қатарындағы түлек, домбырада ойнайды, қайырымдылық концерттерге жиі қатысады. Обком аппараты атынан Нұржанға арнайы сыйлық та табысталды. Ақмола ОК бірінші хатшысы жас түлекке сәт сапар тілеп, ҰБТ-дан жоғары балл алуға тілектес екенін айтты.

DSC 9059DSC 9059DSC 9059DSC 9059DSC 9059DSC 9059

Прочитано 77 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.