Понедельник, 18 июня 2018 15:28

ҚКХП Астана қалалық комитетінің хатшылары Целиноград ауданының әкімімен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

Астана қалалық комитетінің коммунистері Т.Сыздықовтың депутаттық сауалы бойынша ҚКХП ОК тапсырмасын орындау мақсатында аймақтағы шаруашылықтармен кездесулерді жалғастырып жатыр.

7 маусым күні Астана маңында азық-түлік белдеуін ұйымдастыру мәселесі бойынша Целиноград ауданының әкімдігі мен кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Аудан әкімі М.Таткеев ауданның ет, сүт, көкөніс өндіретін шаруа қожалықтары және халық арасында сауданың ұйымдастырылуы туралы айтып берді. Есеп беру барысында аудан әкімі Астана қаласы әкімдігімен бірлесе шешілетін мәселелердің бар екендігін де айтты.

Көкөніс өсіретін шаруа қожалықтарына жер бөлу ең негізгі мәселе ретінде қарастырылып отыр. «Бос жер телімдері жоқ, сондықтан жер учаскелерін  ауыл шаруашылығы өндірісімен айналыспайтын, бірақ жерді иемденіп отырғандардан алу керек», - деді М.Таткеев.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы М.Әубәкіров және хатшы Н.Оразханов шаруа қожалықтары жетекшілері мен фермерлердің қатысуымен  Целиноград ауданы әкімдігінің Астана қаласы әкімдігімен кездесуін ұйымдастыруға уәде берді.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

UNVA6954UNVA6954

Прочитано 85 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.