Понедельник, 18 июня 2018 15:41

Ерекше балалар денсаулығынан үнемдейміз бе?

Оцените материал
(0 голосов)

8 маусым күні ҚКХП Астана қалалық комитеті «Солнечный мир» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, ерекше балалардың санаториялық емдеу жеңілдіктерін негізсіз алып тастауын талқылауға арналған  «Ерекше балалардың денсаулығынан үнемдейміз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Денсаулық сақтау министрліктерінің және Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің өкілдері шақырылды. Сонымен қатар басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Магеррам Магеррамов қатысты.

«Солнечный мир» ҚҚ құрылтайшысы Мария Федорова қатысушыларды «Санаторлық-курорттық ем ұсыну ережелеріне» енгізілген түзетулермен  таныстырды. Осы күнге дейін жеңіл түрдегі ақыл-ой кемтарлығы бар балалар санаторлық-курорттық ем алу құқығына ие болған.  Бірақ Ережелерге түзетулер енгізілгеннен кейін, қарсы көрсетімдер пайда болды: психикалық аурулар мен ақыл-ой кемтарлығы, бұған қоса аурудың жеңіл және ауыр түрлері есепке алынбаған.  Осының салдарынан көптеген балалар жеңілдіктен айырылып отыр.

Медицналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова бұйрық ережелерінің түсіндірмесімен нұсқаулық хат жолдауға уәде берді. Сонымен қатар ол балалар әлеуметтік қорғау бағыты бойынша санаторлық-курорттық емге жібермейтіндігін айтты.  Бұл ведомствоаралық сұрақ екенін де ескертті.

Дөңгелек үстелдің жұмыс қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі облыстық денсаулық сақтау ведостволарына мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделу мәселесіне қатысты хат жолдады. Медициналық ұйымдардың жетекшілерін хаттың мазмұнымен таныстыру және 2018 жылдың 15 маусымына дейін қабылданған шаралар туралы хабарлау тапсырылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді санаторлық-курорттық еммен қамтамасыз ету бойынша медициналық қарсы көрсетімдер тізімін қайта қарастыруға қатысты «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы» Бұйрыққа өзгертулер енгізу туралы өтініш хат ұсынды.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

666666

Прочитано 79 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.