Вторник, 19 июня 2018 15:36

Шығыс Қазақстан облыстық комитеті кеңейтілген пленум өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 13 маусымында Өскеменде ҚКХП ШҚОБ-ның кеңейтілген пленумы өтті. Пленум жұмысына обком басшылығы, қалалық комитеттер мен аудандық комитеттердің хатшылары, партия белсенділері, ҚКХП-мен бірге қызмет жасап келе жатқан облыстық саяси партия бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ қатысты.

Отырыста ҚКХП-ның 14 жылдығына арналған баяндама оқылды. Баяндамада партиялық қызметтің негізгі кезеңдері туралы айтылды, сонымен қатар қазіргі таңдағы ҚКХП мен ҚКХП ШҚОБ жұмысы туралы ақпарат берілді.

Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша обкомның екінші хатшысы С.Н. Михеев баяндама жасады. Ол қатысушыларға халық коммунистері партиясының құрылуы және оның негізгі қызметі туралы айтып берді. Баяндамашы партия идеологиялық база, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан өзіндік тұжырымдама құру бойынша үнемі тиімді шешімдер ізденісінде екендігін атап өтті. Ол үшін ҚКХП ОК алдағы уақытта арнайы комиссиялар құрады, олардың жұмысында ҚКХП-ның бұған дейінгі қызметтік тәжірибесі, ҚКХП-ның аймақтық құрылымдарынан келетін барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілетін болады. Сонымен қатар тұжырымдаманың қорытынды нұсқасында қоғам өмірінің әлеуметтік-саяси және экономикалық  дамудың негізгі  тенденциялары міндетті түрде көрініс табатын болады. Сергей Михеев мақсатты түрде ҚКХП қызметінің негізгі мақсаттарын атап өтті: социалистік типтегі әлеуметтік әділетті қоғам құру, еркін адамдардың қоғамын және гүлденген экономика құру, мұның барлығының негізінде еңбек адамы болуы тиіс. 

Обкомның бірінші хатшысы Ш.К. Байдәулетов ҚКХП мен ҚКХП ШҚОБ, «Халық коммунистері» фракциясының тәжірибелік жұмысы туралы айтып берді. Облыстық комитеттің ағымдағы жұмыстары туралы айта келе, бірінші хатшы ҚКХП облыстық комитеті жетекшілерінің ауыл тұрғындарымен өткізген кездесулері, аймақтың қоғамдық кеңестер, әртүрлі комиссиялар мен сарапшы топтардың жұмыстарына қатысулары туралы баяндап берді.

Пленум соңында обкомның бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов барлық қатысушыларды ҚКХП-ның кезекті туған күнімен құттықтап, халық игілігіне атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тіледі.  Обком жетекшісі ҚКХП ОК атынан партия белсенділері мен ҚКХП-мен тығыз байланыста қызмет атқарып жүрген қоғамдық ұйымдарға құрмет грамоталарын табыстады. «Нұр Отан» партиясының ШҚОБ төраға орынбасары өзара байланыс және ынтымақтастық үшін «Ұлы Қазан Социалистік революциясының 100 жылдығы» медалімен марапатталды.

ҚКХП ШҚОБ Баспасөз орталығы

20180613 12104320180613 12104320180613 12104320180613 12104320180613 12104320180613 121043

Прочитано 73 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.