Среда, 20 июня 2018 18:02

Павлодарлықтар «Әкімге сұрақ қой» акциясына қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті «Әкімге сұрақ қой» жалпықалалық акциясын өткізді. Халық коммунистері қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізу арқылы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді анықтады.

Әкімге жолданған сұрақтардың көшін шыбын-шіркей мен масаға қатысты жағдай бастап тұр. Екінші орында үздіксіз ыстық сумен қамту мәселесі тұр. Сұрақтар тізімінде лайықты өмір, жалақы тағайындаудағы әділеттілік, азық-түлік бағасы мен коммуналды қызмет тарифтерінің төмендеуі болды. Бұған қоса сауалнамаға қатысушылардың барлығы сыбайлас жемқорлармен, пара алушылармен, қала және қала тұрғындарының мүлкіне зардап келтіретін вандалдармен күресті күшейту керектігін айтты.

Экологиялық сұрақтар да назардан тыс  қалмады. Павлодарлықтар қалаға жасыл қала атағының қайтарылуын қалайды, жасыл қорға ұқыпты болып, оны түрлендіру және молайту қажет деп санайды. Қаланы әсемдігі жағынан жапондық сакураға ұқсас келетін сахалин шиесімен көріктендіру ұсынысы да айтылды.

Жеке меншік сектор тұрғындары тарапынан  жер асты сулары мәселесі жиі көтерілді. Сонымен қатар павлодарлықтар аквапарктың, жағалауда биодәретханалардың, нөсер канализациясының, автотұрақтардың, ит серуендетуге арналған орындардың, аула клубтары мен балалар алаңдарының, қолжетімді баспана мен қала тұрғындарына ден қойып, сұраныстарына жауап бере алатын қамқор биліктің жоқтығын айтты.

ҚКХП Павлодар ОК

Прочитано 28 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.