Пятница, 22 июня 2018 15:16

Астанада ҚКХП көшбасшылары Куба және Қытай Елшіліктерінің өкілдерімен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупо, Қытай Халық Республикасы Елшілігі Саяси бөлімінің меңгерушісі Чжан Бэньян, Қытай Елшілігінің екінші хатшысы Вэй Лухуа коммунистерді партияның туған күнімен құттықтады.

21 маусым күні  партияның 14 жылдығына орай ҚКХП жетекшілері Қытай Халық Республикасының және Куба Республикасының Қазақстандағы Елшілігі өкілдерімен кездесу  өткізді.

Дипломатиялық миссия өкілдері коммунистерді мерекемен құттықтап, партияаралық ынтымақтастық  пен байланысты жоғары деңгейде дамытуға ниет білдірді.  Кездесу барысында ағымдағы саяси жағдай талқыланып, алдағы уақытқа жоспар құрылды.

ҚКХП Баспасөз қызметі

Прочитано 93 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.