Пятница, 22 июня 2018 15:20

Ақмола облыстық комитеті облыс ауылдарында партиялық басылымды насихаттау жұмыстарын жүргізді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің активі Қызыл Жар және Садовое ауылы тұрғындарымен кездесті. Коммунистер ауыл тұрғындарын партияның қызметі туралы ақпараттандырып, оларға «Коммунист Казахстана» журналын таныстырды.

Коммунистер Қызыл Жар ауылындағы жекеменшік жылқы өсіретін зауытта болып, ферма шаруашылығын аралады. 

Ал ауыл кітапханаларына ҚКХП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаты Владислав Косаревтің кітаптарын табыстады. 

 Обкомның бірінші хатшысы Б.Мәжитов ауыл тұрғындарымен кездесу барысында ҚКХП-ның қызметі, «Шапағат» жобасы туралы айтып, қоғамдық қабылдаудың байланыс телефондарын ұсынды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының жер  заңнамасы мен ауыл кооперативтеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

 Айта кетерлік жайт, ауыл тұрғындары тарапынан ҚКХП-ның депутаттары туралы жақсы пікірлер айтылды. Мектеп ұжымы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың қызметін жоғары бағалап, алғыстарын жеткізуді сұрады.

DSC 9128DSC 9128DSC 9128DSC 9128DSC 9128DSC 9128DSC 9128

Прочитано 62 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.