Понедельник, 25 июня 2018 17:49

Астана қалалық комитеті акция нәтижесі бойынша Астана әкіміне сұрақтар тізімін дайындады

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 25 маусымында ҚКХП Астана қалалық комитеті «Әкімге сұрақ қой» акциясын аяқтады. Сауалнамаға шамамен 200 адам қатысты.

Көптеген астаналықтарды денсаулық сақтау мәселесі толғандырады: қызмет көрсету сапасы, қалалық ауруханалар мен емханалардағы білікті мамандардың тапшылығы. Сұрақтардың көшін баспана мәселесі бастап тұр. Себебі  тұрғындардың басым бөлігінде жеке меншік баспана жоқ, ал жалдау құны күн сайын артып келеді.

ҚКХП Астана қалалық комитеті акция қорытындысы бойынша  сұрақтардың тізімін құрастырып, оны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке хат түрінде жолдамақшы. Әкімге жолданатын сұрақтардың тізімі:

  1. Қалалық ауруханалар мен емханалардағы дәрігерлердің біліксіздігі мен қызмет көрсету сапасының төмендігі, медициналық мекемелердің нашар жабдықталуы.
  2. Қоғамдық көлік жұмысы. Astrabus қосымшасы соңғы кездері кейбір автобустардың (№32, №34, №38) қай жерде келе жатқанын немесе уақытын дұрыс көрсетпейді, соның салдарынан адамдар жұмысқа кешігіп барады.
  3. Балабақша кезегі мәселесі. Мемлекеттік балабақша санын арттыру жоспарда бар ма?
  4. Қазпошта пунктерінің қызмет. Посылкалар кешігіп келеді, поштада 5-6 күн жатады.
  5. Жолдарды белгілеу жұмыстары. Мұндай жұмыстарды жолдарда қосымша кептеліс болдырмас үшін, қала трафигі саябырсыған уақытта жасауға болады ма?
  6. Астананың инфрақұрылым мәселесі. Астананың көптеген шағын аудандарында тротуарлар ескірген, жаңартуды қажет етеді немесе тротуарлар мүлдем жоқ.
  7. Жалғысбасты аналарға көмек. Көптеген жалғызбасты аналар құқықтық немесе материалдық көмек сұрайды. Әсіресе алимент алуға қатысты мәселеде.
  8. Жалданбалы пәтерлердің жоғары бағасы. Бұл бағаны реттеу мүмкіндігі бар ма?
  9. Азық-түлік қымбатшылығы. Әкімдік азық-түлік бағасын арзандату үшін қандай іс-шара қолданады?
  10. Халықтың сауатсыздығы. Көптеген азаматтар өздерінің құқықтарынан бейхабар. Осы мәселеге қатысты іс-шаралар өткізілетін болады ма?

ҚКХП Астана қалалық комитеті

666666666666666666666666666666666666

666666666666666666666666666666

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.