Вторник, 26 июня 2018 12:13

Ақмола облыстық комитетінде қазіргі заманғы білім мәселесін талқылады

Оцените материал
(1 Голосовать)

 ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов пен обком мүшесі, ІІМ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Наталья Визиренко  Жастар қанатының активімен бірге Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының іске асырылу барысын талқылады.

Б.Мәжитов «4.0 Индустриясы жағдайындағы білім берудің жаңа стандарттары» тақырыбында баяндама жасады. Ол «Индустрия 4.0» атымен танымал болған төртінші өнеркәсіптік революция барлық қазақстандық білім беру сапасына, әсіресе  жоғары және арнаулы орта білім сапасына ерекше тәсілді талап етеді.   Арнаулы орта білім инженерлік-техникалық кадрлар дайындығын қамтамасыз етуі тиіс, сол мамандар еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін  жаңа технологияларды экономикаға енгізетін болады.

 Челябинсктің ЖОО білім алып жатқан Степногорск кентінің тұрғыны Виктория Кнауб отырысқа онлайн-режимде қатысты. Ол оған Қазақстанда жұмыс табылатынына күмәнді екенін айтты. Викторияның айтуынша, Челябинскте көптеген қазақстандықтар жоғары білім алып жатыр және олардың басым бөлігі  оқуларын тәмамдаған соң Ресейде қалады. 

Пікірталасқа қатысушы Андрей Вереницын Бұланты ауылының мектеп түлектерімен әңгімелескенін айтты. Түлектердің сөзіне қарағанда олар ҰБТ-ның кесірінен көрші мемлекеттің ЖОО барып білім алмақшы. Ақмола ОК Жастар қанатының көшбасшысы Мәдина Қасымова қатысушыларды БЛҚЖО-ның 100 жылдығына арналған дайындық жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар ол Қазақстанның талапты оқушыларын ресейлік университеттер мен институттар мезгілінен бұрын қабылдап жатыр деген  фактіге  жуырда Садовое, Вознесенка ауылдары мен Степногорск қаласының мектептерінде болған кезде көз жеткізгенін айтты.

Барлық қатысушылар БҒМ  әкімшілік  емес, тактикалық жолмен білім беру сапасын арттыру, мамандарға жағдай жасау арқылы білімді жастардың елден кетуін тоқтатуы тиіс деген ортақ пікірге тоқталды.

DSC 9159DSC 9159DSC 9159

Прочитано 39 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.