Пятница, 29 июня 2018 14:31

Ағымдағы жылдың 28 маусым күні МОФ «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» Мұнайлы ауданының № 5 орта- мектебінде « Жұмыс барлығына емес» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанда жұмыссыздықтың жасы өсіп келеді. 55-64 жастағы тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,5%-ке өсті. 2017 жылы еліміздегі зейнет алды жасындағы жұмыссыздар саны 47,9%-ке өскен.

Статистикаға сәйкес 55-64 жас аралығында жұмыссыз қалған ер адамдар саны 9,6 мың, әйелдер саны – 8,4 мың адамға өскен. Әдетте аға буындағы ер адамдарға қарағанда әйелдердің  арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары болатын. Алайда соңғы жылдары 55-64 жастағы жұмыссыз азаматтардың үлесі асып түсуде.

Жұмыс берушілер зейнет алды жасындағы адамдар үшін жұмыс орнын мүлде қарастырмайды. 55-64 жастағы жұмыс істеушілердің саны соңғы жылда 0,1%-ке немесе тек 626 адамға көбейді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» орындауға қатысты кейбір қозғалыстар бар. Дегенмен бұл шаралар зейнет алды жасындағы адамдардың жұмысбастылығы жағдайын түбегейлі өзгертуге жеткіліксіз.

 Қалыптасқан жағдайды шешу үшін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұсынады:

  • әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар әзірлеуді қарастыру, онда меншік түріне қарамастан барлық бизнес субъектілеріне халықтың осал топтары – жастар, зейнет алды жасындағы адамдар, мүгедектерден тұратын жұмыскерлерге міндетті квота енгізу;
  • қосарлы оқыту жүйесін, жұмыс орында тәжірибе мен кәсіби білімді беруді енгізу, онда зейнет алды жасындағы қызметкерлер жас қызметкерлерге жетекші бола алар еді;
  • зейнет алды жасындағы жұмыссыздардың санын азайту үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан іске асырылуын бақылауды күшейту;

IMG 5276IMG 5276

Прочитано 33 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.