Пятница, 29 июня 2018 14:33

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті БақытжанӘбдірұлы!

Біздің «Халық коммунистері» фракциясы бұл депутаттық сауал арқылы Үкімет назарын адамдарға көмек көрсетуге, аймақтардың экономикасын, кәсіпкерлікті дамытуға және жұмыссыздықты жоюға бағытталған  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» және «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары аясында неси алған несиелік серіктестікке қатысушылардың жағдайына аудартқымыз келіп отыр.

Негізгі мәселе мынада, несиелік серіктестіктің қатысушыларына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 329 бабында белгіленгендей несие төлеу бойынша жауапкершілік жүктелген. Қолданыстағы заңнамаға сай борышкердің сот актісінің белгілі бөлімін немесе толық көлемде шынайы орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Мұны мүліктері, табыстары жоқ, ал мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға және басқа да мақсатта қаржы алып, бірақ шығынға батқан борышкерлер өз пайдасына асырып жатыр. Осының салдарынан ісіне адал қатысушылар өз несиелерінен бөлек біреудің қарыздарын төлеуге мәжбүр. Бұл өзекті әлеуметтік мәселеге айналып бара жатыр.

 Осыған орай, «Халық коммунистері» фракциясы Үкіметтен жоғарыда айтылған мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелік серіктестіктер мәселесін реттеуді сұрайды. Әсіресе алақол борышкерлердің несие бойынша ортақ жауапкершілігін алып тастау, сонымен қатар мемлекеттік бюджет есебінен несие беру үшін қаржы түсірудің көп сатылы схемасын қайта қарастыруды. Бұл борышкерлер үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлемені едәуір төмендетер еді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біздің депутаттық сауалымызды қарастыруды және заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз. 

Құрметпен,

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков                                                       

Г. Баймаханова

А. Қоңыров                                                  

В. Косарев

И. Смирнова                                               

Т. Сыздықов

27.06.2018 жылы жарияланды

Прочитано 28 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.