Понедельник, 02 июля 2018 17:41

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана кімге қолжетімді? Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Астанада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша қоғамдық комиссиясының республикалық отырысы өтті. Отырысқа ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы М.Әубәкіров қатысты.

Қатысушылар онлайн-көрсетілім режимінде Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелерін талқылады. Экономика министрі Т.Сүлейменов пен Ұлттық банк төрағасының орынбасары О.Смоляков сөз сөйледі.  Негізгі назар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына бөлінді. Бағдарлама әдеуметтік санаттағы азаматтарды баспанамен қамту мәселелерін шешуге бағытталған. Қоғамдық комиссияның мүшелері Үкіметке  бұл санаттағы азаматтар баспананың бір шаршы метрі 300 мың болған жағдайда,  бастапқы 20% жарнаны да төлей алмайтындығын жеткізді. Мысалы, 50 шаршы метрлік баспана 15 миллион теңгеге шығады, ал мұның бастапқы жарнасы 3 миллионды құрайды. Медицина және мәдениет саласы қызметкерлерінде, ұстаздар мен спортшыларда мұндай қаражат жоқ.

Бұл жағдайдан қалай шығамыз? Шаршы метрі шамамен 150-160 мың теңге болатын арзан баспана салу қажет. Мұндай бағадағы үйді Астана мен Алматыда салу мүмкін емес. Осының барлығын жаңа бағдарламада қарастыру қажет, себебі қазіргі таңда бағдарламаның шарттары орта тап үшін ғана қолжетімді, яғни айлық жалақылары 200-300 мың теңгені құрайтын, ерлік-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасылар үшін. Жалғызбасты ана мен жас маман мұндай баспанаға қол жеткізе алмайды. Сондықтан олар үшін Астана маңынан қолжетімді бағадағы баспана құрылысын жүргізу қажет.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

PNJLL eOFjc

Прочитано 160 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.