Среда, 11 июля 2018 15:52

ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров КПО-КОКП ОК-ның IV Пленумына қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2 және 3 шілде күндері Минск қаласында КПО-КОКП ОК-ның  IV Пленумы өтті. Пленум жұмысына КПО-КОКП құрамына кіретін барлық партиялардың өкілдері қатысты. Іс-шараға Ресей Федерациясы, Вьетнам, Венесуэла, КХДР, Сирия, Қытай Халық республикасының дипломатиялық миссия өкілдері, белорустық және шетелдік БАҚ қатысты. Сонымен қатар қатысушылар Беларусь Президентінің қатысуымен өткен Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараға және мерекелік шеруге қатысты.

IV  Пленум Беларусь мемлекеттік Ұлы Отан соғысы тарихы музейінде өтті.  Оның жұмысына КПО-КОКП құрамына кіретін Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Молдова және басқа да мемлекеттердің    делегациялары мен Қазақстан Коммунистік Халық партиясының  өкілдері  қатысты.

Дәстүр бойынша   КПО-КОКП ОК төрағасы, РФКП ОК жетекшісі Зюганов Геннадий Андреевичтің тапсыруымен, РФКП ОК Төралқасының шешімімен «Қызыл Әскерге 100 жыл» медальдары Крючков Георгий Корнеевичке, Карпенко Игорь Васильевичке, Симоненко Петр Николаевичке, Свирид  Александр Владимировичке, Гречихин Сергей Ивановичке, Шамин Василий Ивановичке, Абдуллоев Мироч Саноновичке, Пипия Темур Иосифовичке, Сокол Алексей Николаевичке, Казарян Ерджаник Юриковичке, Курбанов Рауф Муслимовичке, Атаманов Георгий Петровичке, Бондаренко Елена Владимировнаға, Ругинис Пранас Матовичке, Уригаев Инал Дмитриевичке, Қоңыров Айқын Ойратұлына, Камай Алексей Степановичке табысталды. Марапаттау рәсімін КПО-КОКП ОК Төраға орынбасары,  РФКП ОК Төраға орынбасары Новиков Дмитрий Георгиевич өткізді.

Пленум отырысы барысында мынадай сұрақтар қарастырылды: «РСДЖП-ның 120 жылдығы туралы және КПО-КОКП-ның XXXV Съезд шешімін іске асыру бойынша бауырлас коммунистік партиялардың бірінші кезектегі міндеттері», «Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының 100 жылдығы туралы», «КПО-КОКП құрамына Тәжікстан Коммунистік партиясын қабылдау туралы».

  Бұдан соң қатысушылар Республика Президентінің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, саяси қайраткерлердің, дипломатиялық миссия, жастар, қоғамдық және саяси ұйым өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешке қатысты. 

КПО-КОКП сайтының материалдары бойынша

4545454

Прочитано 12 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.