Мерекелік шарада облыстық филармонияның әртістері өнер көрсетті. Сонымен қатар «Коммунист Казахстана» журналына қатысты фактілер бойынша викторина ойнатылды. Қатысушыларға журналдың меншік иесі кім? Редактордың аты-жөні? Журналдың тілшілерін неліктен «РОМА» деп атайды? сияқты сұрақтар қойылды.
Мерекелік іс-шараға қатысушы, Егіндікөлдің тұрғыны Маринаның айтуынша, оның балаларына мереке қатты ұнады және ол ҚКХП туралы көп ақпарат алды. Әсем есімді қатысушы «Коммунист Казахстана» журналын үнемі оқып тұратынын айтты. Әсем мерекеге ұлы Әлинұрмен келіп, ұйымдастырушылардан сыйлық алды. Сандықтау ауданына қарасты Широкое ауылының тұрғыны Марат жерлестеріне тарату үшін 10 шақты журнал алып, жеке сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдауға келетінін айтты.