Четверг, 12 июля 2018 11:45

Ленинский ауылының тұрғындары Павлодар облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауынан көмек сұрады

Оцените материал
(0 голосов)

 Павлодар маңындағы Ленинский ауылында М.Мәметова көшесінің тұрғындары мен жолды қайта салу жұмыстарын орындаушы ұйым жұмысшылары арасында дау-дамай орын алды. Ауыл тұрғындары арнайы техниканың жолын бөгеп тастаған. Себебі  жол құрылысының сапасы тұрғындардың көңілін көншітпей отыр.  Тұрғындардың айтуынша, жаңа асфальт автокөліктердің салмағына шыдамайды.

Ызаланған тұрғындар жұмысты тоқтатқызып қойған. Оқиға орнына жергілікті атқарушы билік пен БАҚ өкілдері шақыртылған, кейін мердігер ұйымның жетекшісі мен ауыл әкімі келіссөздерге кіріскен. Бірақ ортақ шешімге келе алмаған.

Шенеуніктердің айтуынша, Мәншүк Мәметова атындағы көшені асфальттау лоты он миллион теңгені құраған. Конкурсты жұмыс құнын төрт есеге төмендеткен павлодарлық фирма жеңіп алған. Келісілген соммаға мердігер сапалы жұмыс атқаруға және жаңа жолды уақытылы тапсыруға міндеттлеген.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің жетекшісі ауыл тұрғындарымен кездесті. Бұл мәселе қоғамдық қабылдауға жазбаша түрде жолданған өтініш негізінде обкомның бақылауына алынды.

WhatsApp Image 2018 07 09 at 20.14.37WhatsApp Image 2018 07 09 at 20.14.37WhatsApp Image 2018 07 09 at 20.14.37WhatsApp Image 2018 07 09 at 20.14.37

Прочитано 66 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.