Четверг, 12 июля 2018 16:04

В.Косаревтің Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жетекшісі Владислав Косаревтің Шығыс Қазақстандағы жұмыс сапары жалғасуда. 10 шілде күні депутат Өскемен қаласына келді.

Өскеменде депутат Оқушылар шығармашылығы сарайында қала тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қаланың атқарушы билік және қоғамдық ұйымдардың, облыстық саяси партиялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 Владислав Борисович қатысушыларға «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Ол ҚКХП фракциясының депутаттары барлық топтағы халықты қолдау мақсатында әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысатынын, ресми статистикалық фактілерге емес, шынайы көрсеткіштерге сүйенетіндігін айтты. Депутат атқарушы билік қарапайым халық есебінен буржуазиялық ортаның мүддесін жақтау салдарынан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыра алмай отырғандығына қатысты нақты мысалдар келтірді. Сондықтан ел халқының басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жаңа заңнамалардың оң нәтижесін  сезіне алмайды.

 Кездесудің екінші бөлімінде қатысушылар халық қалаулысына сұрақтар қойды. Сұрақтардың басым бөлігі зейнетақы мен ТКШ-ге қатысты болды. Азаматтар еңбек ардагерлерінің жеке топтарына зейнетақы тағайындау жүйесіндегі әділетсіздікке қатысты өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар ТКШ саласында ПИК жүйесін таратып, міндетті түрде кондоминиумға ауыстыруға қатысты пікір  айтылды. Қатысушылардың пікірінше, бұл аз пәтерлі үйлерге тиімсіз. Сондай-ақ кездесуде Парламентте мемлекеттік қаражаттың қаржылық ағынын бақылайтын арнайы комиссия бар ма деген сияқты ауқымды сұрақ та қойылды.

  Екі сағат ішінде депутат барлық сұрақтарға барынша жауап беруге тырысты. Өзге де сұрақтарды қарастырып, жазбаша түрде жауап беруге уәде берді.

 Кейін В.Косарев Зырян қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.  Жиынға жергілікті атқарушы билік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мәжіліс депутаты келушілерді өзінің депутаттық жұмысымен таныстырып, моноқалаларды, ауылдық аумақтарды және шағын бизнесті дамытуға қатысты өз ойымен бөлісті. 

 11 шілде күні коммунист-депутат ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданына барып, Үлкен Нарын ауылының тұрғындарымен кездесті. Партия мен депутаттық фракцияның қызметі туралы айта келе, Владислав Косарев ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл мәселелерді талқылау барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу, ауылдағы шағын кәсіпкерлікті несиелеу, ауылды жерлерде жұмыс орындарын құру, ауылда сұранысқа ие ЖЖМ, отын, шөп және т.б. бағасын қалыптастыру сияқты мәселелер көтерілді. 

Сол күні В.Косарев жергілікті Достық үйінде болып, ауданның қоғам өкілдеріне адамдарды достық пен бірлікте тәрбиелеу ісіне қосып жатқан үлестері үшін алғысын жеткізді.

  ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

Ука 20180710 102549Ука 20180710 102549Ука 20180710 102549Ука 20180710 102549Ука 20180710 102549Ука 20180710 102549Ука 20180710 102549

Прочитано 22 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.