Четверг, 19 июля 2018 11:15

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

17 шілде күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің заңгері Гүлмира Исмағұловаға көпбалалы ана Гүлбану Нухиева заңгерлік кеңес сұрап келді. Заңгер оған жаңа форматтағы АӘК-ке қатысты кеңес берді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2017 жылдың 31 желтоқсанына  дейін қолданыста болған әлеуметтік төлемдердің орнына жұмыс жасайды. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты  айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін бір пакетпен ұсыну болып табылады. Бұл дегеніміз, бүгінгі таңдағыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесуді білдіреді, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады.

Егер отбасындағы адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болса, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар тарапынан мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек екі түрлі көмекті көздейді және оны алу үшін Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек. АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке бөлінген.

Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ барлық отбасыларға (мысалға, мүгедектер немесе зейнеткерлер отбасыларына), немесе еңбекке жарамды мүшелері дәлелді себептер бойынша жұмысқа араласа алмайтын отбасыларға (мысалға, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты аналарға) беріледі. Осындай отбасыларға жәрдемақыны алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек отбасында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, отбасының еңбекке жарамды барлық мүшесі жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан кезде беріледі.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.  15 000 теңге – ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында кедейлік шегі деп белгіленген.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады: әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері – отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.

ҚКХП Астана қалалық комитетінің қоғамдық қабылдауы әр сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 10:00-13:00-ге дейін тегін заңгерлік кеңес береді.

Прочитано 109 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.