Четверг, 19 июля 2018 16:00

Астана қалалық комитеті хатшысының бастамасы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Астана қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті М.Әубәкіровтың бастамасымен қалалық ономастика комитетінің отырысында қала көшелерінің біріне Храпатый Анатолий Михайловичтің есімін беру мәселесі талқыланды.

Храпатый Анатолий Михайлович – кеңестік және қазақстандық ауыр атлет, 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының жеңімпазы, 1996 жылғы Атлантадағы Олимпиадалық ойындардың жүлдегері, ауыр атлетикадан әлем және Еуропаның бес дүркін чемпионы, КСРО-ның құрметті спорт шебері (1984).

Анатолий Храпатый 1962 жылдың 20 қазанында Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Владимихайловка ауылында дүниеге келген. Анатолийдің 4 жасында анасы сал болып қалады, ал әкесі отбасынан кетіп қалған. Кейін отбасы Атбасар қаласына көшіп келеді.

1985-1990 жылдары спортшы әлемнің бес чемпионатында және Еуропаның бес чемпионатында жеңіске қол жеткізеді. 1988 жылы Сеулда өткен Олимпиада ойындарында алтын медальға қол жеткізіп, мемлекет тарапынан 12 мың рубль сыйлықақы алады.

1991 жылы алынған жарақаттың салдарынан спортшының оң аяғы дистрофияға ұшырап, 5 см кішірейген. Табанды жаттығулардың арқасында ол қалпына келіп, улкен спортқа қайта оралады. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасында 99 келі салмақта күміс жүлдегер атанады. Қазақстанда мұндай жетістіктер әлі ешкімде болған емес.

 Үлкен спорттан  кеткен соң ол Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері болып тағайындалады. Бұл жылдары құраманың қаржылық жағдайы ауыр еді. Белді спортшылардың жаттығуларымен қамту үшін де қаражат жетпейтін. Соңғы жылдары Анатолий Храпатый Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскерінің орталық спорттық клубының Спорт комитетінде қызмет істеді. 

Анатолий Храпатый  45 жасында Астана-Алматы тас жолында жол апатынан қайтыс болды.

Астана қаласының Ономастика комиссиясы Астана көшелерінің біріне спортшының есімін беру туралы шешім қабылдады. Енді бұл шешім қалалық мәслихатпен бекітілуі тиіс.

174170886174170886

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.