Суббота, 21 июля 2018 10:09

Барлығы қозғалады және барлығы өзгереді

Оцените материал
(0 голосов)

— Бұл барлық марксистік философия үшін басты қорытынды болып табылады, - дейді ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің  хатшысы Сергей Михеев. Біз Сергей Николаевич пен «Flash!» тәуелсіз газетінің редакторы Денис Данилевскиймен  Карл Маркстің 200 жылдығына арналған дөңгелек үстелден кейін әңгіме-дүкен құрдық.

- Марксқа биыл 200 жыл толып отыр. Марксизм ескірді деп ойламайсыз ба?

Сергей Михеев: - Карл Маркстің теориясы қазіргі таңда өзекті. Капитализмнің жаһандық дағдарысы күн сайын артып келеді. Сауда соғысы өршіп тұр. АҚШ пен Еуроодақ, АҚШ пен Қытай бір біріне қатысты сауда тосқауылын орнатып, баж салығын енгізген. Ресей шеттегі капиталистік ел ретінде санкция режимінде отыр. Барлық әлемдік сауда жүйесі құлдырауда. Әлемдік капитализмнің алдыңғы қатарлы орталықтары арасында қақтығыс күшейіп келеді. Маркс ХІХ ғасырдың өзінде капитализм дамыған сайын капиталистік дағдарыс та дами түсетінін айтқан болатын. Капитализм жаһандық сипатқа ие болған сайын, дағдарыс та күшейе түседі. Екі дүниежүзілік соғыс бұл – капиталистік дағдарыстың нәтижесі. Кеңес Одағының құлауы кезекті дағдарысты болдырмауға мүмкіндік берді, себебі сауданың жаңа ірі нарығы мен капиталистік экспансия үшін ауқымды территориялар ашылды.  Капитализм кеңге жайылды, бірақ бұл өсімнің шегі таусылды. Бұл  - ең ауыр дағдарыс. Бұдан шығудың жолдарын болжау оңай емес. Бұл үшін марксизмді шығармашылық тұрғыдан дамыту қажет. Мұнымен қазіргі таңда АҚШ пен Еуропада айналысып жатыр. Бірақ бізде мынадай ұғым қалыптасқан: біз марксизмнен бас тарттық, демек, ол бізге қажет емес. Қазақстанда да, Ресейде де Маркстің мерейтойы экономикалық жағдайды, қоғамдағы ахуалды тиянақты талқылауға түрткі болған жоқ. Әрине, Марксті жоққа шығарып, оның ілімін ұмытуға болады. Бірақ бұл әлем Маркс ашқан даму заңдылығымен емес, басқа жолмен дамиды дегенді білдірмейді. 

 - Маркс ілімінің басты мәні, адам мен қоғам үшін пайдасы неде? Себебі қарапайым адам үшін 150 жыл бұрын құрастырылған ілім жалпы адамзатқа және жеке адамға көмектесе алады дегенді түсіну қиын ғой?

 Денис Данилевский: — Сергей Николаевич капитализмнің  келесі дағдарысы қарама-қайшылықтар күресі арқылы шешіледі деді. Бұл - марксизмнің басты құрамдас бөлігі. Маркс философтардың алғашқысы болып барлығы қозғалыста және даму үстінде, қатып қалған ештеңе жоқ және болуы да мүмкін емес деген. Оған дейін де философтар бұл туралы ой түйген. Ежелгі грек философиясында «барлығы ағады, барлығы өзгереді», «бір өзенге екі рет кіру мүмкін емес» деген болатын. Бірақ Маркс ғана мұның барлығын бір жүйеге біріктіріп,  тірі және өлі материяға, қоғамға  ортақ даму заңдылықтарын көрсеткен. Бұл – диалектикалық және тарихи материализм. 

  - Баршаға түсінікті болу үшін қарапайым тілмен түсіндіріп берсеңіз.

- Диалектика бұл – даму туралы ғылым. Ең бастысы – барлығы қозғалады,  барлығы дамиды. Жалпы даму туралы түсінік көптеген сұрақтарға жауап береді. Неліктен қазіргі таңда адамдарда азаматтылық енжарлық байқалып отыр? Халық бір нәрсені өзгертуге болады дегенге сенбейді. Адамдар редакцияға көмек сұрап келеді, бірақ өздері бір нәрсені өзгерту мүмкін екендігіне сенбейді. Неліктен? Себебі адамдар қалыптасқан жағдай мәңгілік бола бермек деген ойда. Әрине, 30 жылдан астам қоғамда ештеңе өзгермесе, жағдай осылай болмақ. Бірақ білім ғана барлық үдерістерді түсініп, тарихи перспективаны көруге мүмкіндік береді.

Марксизм бізге даму заңдылаықтарын түсінуге көмектеседі. Сол заңдылықтардың біріншісі, ол – бірлік пен қарама-қайшылықтар күресі заңдылығы. Барлығы қарама-қайшылықтардан, үйлеспеушіліктен құралған, олар бірлік пен тұрақты күресте өмір сүреді. Бұл күрес арқылы даму да жүреді.

   Сергей Михеев: — Қоғамдық қарама-қайшылықтар туралы айтатын болсақ, бізде антагонистік, яғни келісімге келмейтін қарама-қайшылық қалыптасқан. Ең алдымен ол жалдамалы еңбек пен капитал, буржуазия мен жұмысшы тап арасындағы қарама-қайшылық. Жұмысшы тап, пролетариат  ретінде тек қана өндірістегі жұмысшыларды ғана емес,  шаруаларды, еңбек интеллигенциясын, инженерлік-техникалық жұмысшыларды қарастыруға болады. Капитализм жағдайында өндіріс құралының жеке меншігі бітімге келмейтін қарама-қайшылықтардың қайнар көзі болып табылады. Қоғамда жүз мыңдаған жеке меншіктер бар кезде олардың арасында билік, ресурс, тиімді тапсырыс, жер, ақша және т.б. үшін күрес жүреді. Таптар арасында, қанаушы мен қаналушы арасында, жеке мүдделер арасындағы күрес жағдайында тұрақтылықты көздеу мүмкін емес. Қарама-қайшылықтар шарықтау шегіне жеткен кезде бұл қоғам тіршілігін тоқтатады.  Ал бұл диалектиканың екінші заңдылығы: сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуы. Бұл жағдайда бізге философия лекцияларында  үнемі судың қайнауын мысалға келтіретін. Су 100 грдаусқа жетпей су болып қала береді, ал 100 градуста ол қайнайды және буға айналады, яғни басқа сапаға ауысады.

Денис Данилевский: — Өте түсінікті мысал. Қоғамда да солай, «қайнамағанға» дейін, градус көтерілмейінше, сапалық өзгерістер орын алмайды. Ал «қайнағаннан» кейін өзгерістер жылдам жүреді. Бұл жерде диалектиканың үшінші заңдылығы күшіне енеді – «теріске шығару-теріске шығару». Бұған дейінгі жағдайды теріске шығару арқылы жоғары сатыға ауысу үдерісі жүреді. Бірақ келесі сатыға ауысу үшін бұл саты да болашақта теріске шығарылады. Мысалы, қоғам коллективизмді жоққа шығарды. Батыста индивидуализм ғасырлар бойы басымдыққа ие. Біз Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, ұжымдық тұрмыс салтынан бас тарттық. Қазіргі таңда индивидуализм де осындай жағдайға жетіп отыр. Интернет, заманауи коммуникациялық құралдардың дамуымен бірге адам жылдап пәтерінен шықпауы мүмкін. Ол қашықтықта жұмыс істеп, карточка арқылы айлық алып, қызметтер ақысын төлеп, сауда жасай алады. Үйде отырып қоқыс шығаратын жұмысшыны да шақырта алады. Алдыңғы қатарға «Мен қалаймын!», «Мен міндеттімін!» ұрандары шыға бастады. Қазіргі таңда «Мен ешкімге міндетті емеспін!» деген  жиі айтылады. Егер кез келген адам жеке дара жүрсе, бұл тығырыққа тірейді.

 Сергей Михеев: — Капитализм бұл – индивидуализмнің жеке меншікке негізделген құрылымы. Маркстің тағы да бір керемет жаңалығы  ол - капиталистік қанаудың механизмін көрсеткен. Қосымша құн арқылы және жұмысшы күштің тауарға айналуы арқылы. «Капитал»  бұл – барлық заман мен халықтардың ұлы кітабы. «Капиталды» оқыңыздар, сонда сіздер қазіргі таңда болып жатқан дүниелерді түсінесіздер.

 Денис Данилевский: — Бір электронды кітап дүкенінің сайтын қарап отырып, «Капитал» қымбат бағаға қарамастан көп сатып алынатын кітап екенін аңғардым. Яғни адамдар әлемді танып-білуге тырысып жатыр.

Сергей Михеев: — Бұл қуантарлық жағдай. Барлығы қозғалады, барлығы дамиды. Уақытша иірімдер мен шегіністерге қарамастан, біз алға қарай қозғаламыз.

Әзірлеген  «Восточный экспресс» агенттігі

 «Flash!» газеті

Толық нұсқасы: http://flashpress.kz/blog/flash/176273.html

Прочитано 69 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.