Суббота, 21 июля 2018 10:07

Зейнеталды жастағы адамдарды жұмыспен қамту мәселесі

Оцените материал
(0 голосов)

Зейнеталды жастағы адамдарды еңбек нарығында дискриминациялау – өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Кәсіби-кәсіпкерлік ортада егде жастағы адамдар сұранысқа ие емес. Бізде адамның жасы ұлғайған сайын ақпаратты меңгеру қиын деген ұғым қалыптасқан. Зейнеталды жастағы адамдарға жұмыс табу, жұмысқа орналасу жыл өткен сайын қиын.  Осы тақырыпқа қатысты ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен өткен   дөңгелек үстел қатысушыларының пікірін ұсынып отырмыз. 

Шыңғыс Байдәулетов, ҚКХП ШҚ ОК бірінші хатшысы: - Қазақстандық жұмыс берушілер егде жастағы жұмысшылардан бас тартуға тырысады. Егде жастағы адамдар арасында жұмыссыздық өсіп барады. 2017 жылы 55-63 жас аралығындағы адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі артып, 6,5%-ды құраған. Зейнеталды жастағы адамдарға жұмыс орындары мүлдем ашылмайды, 55-63 жас аралығындағы адамдар арасында жұмыспен қамтылғандардың үлесі небәрі 0,1 пайызды немесе 626 адамды құрайды.  

Егде жастағы адамдар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне биыл іске қосылған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасы көмектесе алады. Бағдарламаға 16 жастан бастап зейнеталды жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Бағдарламаға үш бағыт бойынша қатысуға болады: техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; жаппай кәсіпкерлікті дамыту; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Өкінішке орай, бағдарлама зейнеталды жастағы адамдарды жұмыспен қамту жағдайын өзгерте алмады. ШҚО  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасның іске асырылуы туралы ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жетекшісінің орынбасары Раушан Таймулдина айтып берді. Ол жұмыспен қамтылғандар мен жаңадан ашылған жұмыс орындары туралы мәлімет келтіре кетті. Бірақ халық коммунистерінің көтеріп отырған мәселесімен келісті, зейнеталды жастағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі орынды. ШҚО бойынша зейнеталды жастағы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша нақты мәліметтің жоқтығынан, обкомның екінші хатшысы Сергей Михеев жалпы республикалық статистиканы жария етті. 2017 жылы республика бойынша курстар арқылы жаңа мамандықты игеруге 69200 өтініш түскен. Алайда 43 500 адам ғана мұндай курстарды тәмамдап, оның 21 200 ғана жұмыспен қамтылған. Бұл  жалпы үміткерлердің 1/3 бөлігі дегенді білдіреді. Олардың қаншасы егде жастағылар екендігі беймәлім. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жеке кәсіпкерлікті дамытуға шағын несие ұсыну туралы айтатын болсақ, 2017 жылы ҚР бойынша жылдық 6 пайызбен 18 млн. теңге көлемінде 6857 несие берілген. Бірақ нәтижесінде 4012 адам ғана жеке кәсібін ашқан. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару бойынша да жағдай шамамен осындай. Мұндай бағдарламаға қатысуға 722 адам ғана ниет білдірді, оларға қоныс аударуға, баспана жалдауға, коммуналды қызмет төлемдерін жасауға субсидия қарастырылған. Бірақ 460 адам ғана жұмыспен қамтылған. Бұл - халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асырудың төмен нәтижелілігін көрсетіп отыр. Мәселенің мән-жайын қарастыру қажет, - деді Сергей Михеев. ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері Есбол Сейітов пен Қарлығаш Нүрекенованың хабарлауынша, 2017 жылы оларға жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек келісім-шарты мен еңбек заңының бұзылуына қатысты 2400 өтініш түскен. Өтініш бойынша жоспарлы тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде 80 пайыз жағдайда жұмысшылардың мүддесін қорғап шығу мүмкін болды. Еңбек инспекциясы қызметкерлерінің айтуынша, азаматтардан келіп түскен өтініштер шынайы жағдайды көрсете алмайды. Әрине, өтініштер өте көп, ал белсенді жұмыс жасау үшін  инспекцияның құзыреті мен қызметкерлер саны  жеткіліксіз.

Дөңгелек үстелге қатысушылардан қандай ұсыныстар түсті? Қатысушылар зейнеталды жастағы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша міндетті квота енгізуді ұсынды. Жақсы ұсыныс, бірақ оның іске аспайтындығы айдан анық. Мұндай квоталарды мемлекеттік кәсіпорындарда ғана енгізуге болады. Әрине заң шеңберінде және әлеуметтік жауапкершілік ұстанымы бойынша жұмыс жасайтын  ірі жеке кәсіпорындар да құлақ асуы мүмкін. Бірақ шағын және орта бизнестің мұндай квотаны қолдауы екіталай.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын зейнеталды жастағы азаматтарды кепілді жұмыспен қамтуға және қолдауға бағытталған пунктімен толықтыру ұсынысы түсті. Бұған мемлекет ерекше назар аударуы тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік органдар, соның ішінде еңбек инспекциясы  мұндай адамдарды қалай қорғай алатындығы туралы ойластыру қажет. Халықтың құқықтық сауатын арттыру бойынша жақсы ұсыныс. Зейнеталды жастағы адамдардың білуге тиісті құқығы: жұмыс беруші жұмыскердің зейнетке шығуына 2 жылдан кем уақыт қалған жағдайда жұмыстан шығаруға құқығы жоқ. Бұл тек жұмыс беруші мен жұмысшылар арасынан құрылған комиссияның шешімімен жүзеге асырылады. Жұмысшылар тарапынан комиссияға кәсіподақ мүшелері кіреді. Еңбек заңнамасы ережелерін ұстану мен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қоғамдық бақылау қажет.  Егде жастағы жұмысшылар мәселесіне қатысты кәсіподақ пікірін естіген де жөн болар еді. Бірақ олар отырысқа қатыспады. Айтарлары жоқ па, әлде бұдан да маңызды мәселелері бар ма, ол жағы бізге белгісіз.

  Сонымен жұмыссыз қалған егде жастағы адамның жұмысқа орналасу мүмкіндігі аз. Жұмыс табылса да, ол оның білім деңгейі мен біліктілігіне сай келмеуі мүмкін. Сондықтан егде жастағы азаматтар курьер, аула сыпырушысы немесе басқа да кәсібилігі төмен жұмысқа орналасады. Мынадай сұрақ туындайды: неліктен зейнеталды жастағы адамдар сол жұмыс орнында жастарға тәлімгер, жетекші ретінде қызмет етпейді? Біліктілікті арттыру мәселесін шешу үшін егде жастағы адамдарға білім беретін мекемелерді дамыту қажет. Мысалы, біздің газет «Гидросталь» зауытының металл жонушысы туралы мақала жазған болатын. 80 жасты еңсерген қария жұмысын жалғастырып, бар білгенін, тәжірибесін жастарға беруде. Мұндай мамандар өте қажет. Себебі тәжірибе дегеніміз ол үлкен қазына. Ал жұмыспен қамту мәселесін шешудің басты шешімі ол – экономиканы дамыту, жаңа кәсіпорындардың құрылысы, кәсіпкерлікті жандандыру болып табылады.

Кристина Капрелян

 «Flash!» газеті

Мақаланың толық нұсқасы: http://flashpress.kz/blog/flash/176273.html

Прочитано 9 раз
Другие материалы в этой категории: « Барлығы қозғалады және барлығы өзгереді

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.