Среда, 25 июля 2018 13:34

Павлодар облысында атақты композитор Естай Беркімбайұлының мерейтойы аталып өтті

Оцените материал
(0 голосов)

 «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 шілде күні ҚКХП Павлодар облыстық комитеті кеңес ақыны, әнші және композитор, Қазақстан композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, Қазақстан ның еңбек сіңірген қайраткері  Естай Беркімбайұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуге атсалысты.

Естай - халық әндерінің талантты орындаушысы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.  Ол  әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген.

1939 жылы музыкатанушы және композитор Б.Ерзакович оның әндерін нотаға түсірген. Естай Беркімбайұлының «Назқоңыр», «Жай коңыр», «Майда коңыр», «Юран», «Ашупышақ»,«Еркем», «Гүлнар», «Қоштасу», «Дүние-ай», «Қорлан» сияқты әндері өзіне тән көркемдігімен ерекшеленеді. Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні — «Қорлан». «Назқоңыр» әнінің әуені Павлодар өңірінің үні іспеттес. «Қорланның» әуенін Мұқан Төлебаев «Біржан мен Сара» операсында, ал Брусиловский «Ер Тарғын» операсында пайдаланған. «Қорлан» әнін білмейтін бірде бір қазақ жоқ. Ақын М.Әлімбаев Естайға «Естай-Қорлан» поэмасын арнаған. Бұл әннің желісімен Қасым Аманжолов «Хорлығайым» драмалық поэмасын жазған.

Ақын өмір сүрген Екібастұз ауданының Қаражар ауылында 150 жылдық мерейтой аталып өтті. Облыс әкімі барлық қонақтар мен облыс тұрғындарын Естай Беркімбайұлының мерейтойымен құттықтады. Республикалық   инструменталды-ән фестивалін ашу салтанаты опера саңлағы Шахимардан Әбіловке бұйырды. Ол Естайдың атақты «Құсни Қорлан» әнін орындады, кейін сахна төрінде ҚР еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева өнер көрсетті.  Сонымен қатар ат жарысы да ұйымдастырылды.

 Павлодарлықтар өздерінің атақты жерлесін мақтан тұтады, қаланың басты көшелерінің біріне Естай аты берілген, сонымен қатар Ақтоғай ауданында Естай атындағы ауыл да бар. Биыл қалалық өлкетану музейінде Естай Беркімбайұлына арналған көрме залы ашылды. 

 Естай ақын 72 жыл өмір сүрген. 1946 жылы көз жұмған. Ақынның қабірі Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан.

WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37WhatsApp Image 2018 07 21 at 17.33.37

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.