Четверг, 26 июля 2018 09:14

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты М.М. МАГЕРРАМОВ Ақтөбе облысындағы сайлаушылармен кездесу туралы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Магеррамов М.М. мен Микаелян Н.Г.  облысқа 2018 жылдың 13 шілдесі күні Батыс Қазақстан облысынан автокөлікпен келді. Депутаттармен кездесу Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылында өтті. Депутаттар Ақтөбеде 2018 жылдың 18 шілдесіне дейін болды.

Бұл уақыт ішінде олар 6 елді мекенде болып, халықпен 322 кездесу ұйымдастырды. Кездесулерге 434 адам қатысып, 130 сұрақ қойылды. Сонымен қатар 52 ұсыныс енгізіліп, 2 рет азаматтар жеке мәселелер бойынша қабылданды.

 Жұмыс сапарының бағдарламасы бойынша мынадай іс-шаралар атқарылды:

13.07.2018 ж. Депутаттардың Қобда ауылындағы кездесуі. Олар бұл елді мекенге Орал әкімшілігі мен ҚКХП-ның өкілдерімен келді. Кездесуде ұйымдастырушылық және әлеуметтік сұрақтар көтерілді. Жаңа Заңдар мен Президенттің соңғы бастамалары туралы әңгіме өрбіді. 

Бұдан кейін депутаттар жаңа мектеп пен бассейнге және аудандық саябақ кешеніне барды. Бұл жерде олар әкімшілікпен және оқытушылармен сөйлесіп, заңнамалық сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кейін депутаттар Ақтөбе қаласына аттанды.

ммммммммм

 

 

 

 

  14.07.2018 ж. Баишев атындағы кітапханада М.М. Магеррамов пен Н.Г. Микаелян музей, архив, кітапханалар  мен мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. 

Депутаттар облыстық мәдениет бөлімінің, музей, архив, кітапхана өкілдерінің қысқаша есептерін тыңдады. Олар өз қызметтерінің негізгі мәселелерін атап өтті: техникалық жабдықталу, интернет, төмен жалақы, градацияның жоқтығы, техникалық қызметкерлерге мүлдем назар аударылмайтындығы және т.б.

Өз кезектерінде халық қалаулылары Мәжіліс қызметі мен жаңа Заңдар туралы айтып, сұрақтарға жауап берді. 

 Кездесу соңында депутаттар Ақтөбеде шығарылатын кітаптардың  көрмесін тамашалады.

мммммммммммммммммм

 

 

 

 

16.07.2018 ж. Бұл күні депутаттар қаланың 6 мекемесінде болды. Олар: облыстық прокуратура, әділет басқармасы, ТЖД, көші-қон полициясы, аймақаралық сот сараптама  орталығы, ЖПҚ.

Прокуратурадағы кездесуде аудандық прокуратуралармен онлайн байланыс ұйымдастырылды. Жалпы 70-80 адам қамтылды. Жұмыс туралы қысқаша есеп тыңдалып, кесте түрінде ақпарат ұсынылды. Депутаттар Президенттің соңғы бастамаларының мән-жайын түсіндіріп, Заңдағы өзгерістер, әсіресе прокуратураға қатысты заңнамалық өзгертулер туралы айтып берді. Алимент төлеу, саламатты өмір салты, нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес мәселелері кеңінен талқыланды

.166166

 

 

 

Прокуратурадан кейін депутаттар Әділет департаментіне ат басын тіреді. Ол жерде департамент қызметкерлерімен және сот орындаушыларымен кездесті. Бұл жерде көші-қон, соның  ішінде ішкі миграция, тіркеу тәртібі мен сандық көрсеткіштердің  бұзылуы туралы әңгіме қозғалды. Қызметкерлер жүйе бұзушыларға қатысты жұмыста ІІД тарапынан көрсетілетін көмектің әлсіздігін атап өтті.  Жалақыны көтеру туралы өтініш айтылды.

166666661666666616666666

 

 

 

 

 

Төтенше жағдайлар департаментінде ең алдымен қысқаша есеп тыңдалды. Жалақы, зейнетақы төлемдері, баспана мәселелеріне қатысты 5 сұрақ қойылды. Барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Мәжіліс қызметі, Президенттің бастамалары мен ішкі саясат туралы айтып берді.

Кездесу соңында депутаттар Ақтөбе облысы ТЖД-нің материалды-техникалық және автокөлікпен жабдықталу көрмесін тамашалады.

16666666661666666666

 

 

 

 

Халықтың көші-қон мәселесі көші-қон полициясында да көтерілді. Есепте жүйені бұзғандары үшін облыс аумағынан 300 адам шығарылғандығы айтылды. Бұл негізінен 

 Аймақаралық сот сараптама орталығында да бірқатар өтініштер айтылды. Бұл мәселелердің  шешілуі жұмыстың оңтайлануына ықпал етеді. Олардың қатарында орын жетіспеушілік, техникалық жабдықталу және  жалақы мәселесі бар.Өзбекстан мен Тәжікстанның азаматтары.

16666666666666

 

 

 

 

 

Бұл жерде да депутаттар ел және Президенттің саясаты, жаңа Заңнамаларға қатысты түсіндіру жұмыстарын өткізді.

 Депутаттардың жұмыс күні Нокина ауылындағы ЖПҚ-ның бекініс пунктінде жалғасты.  ЖПҚ қызметкерлері өздерінің жұмыстарымен таныстырып, бірқатар ұсыныстар айтып, сұрақтар қойды. Сондай сұрақтардың бірі – учаскелік полицей жұмысын регламенттеу. Бұл жерде да техникалық жабдықтау, соның ішінде автокөлік саны, баспанамен, жеңілдіктермен  қамту сұрақтары көтерілді.

166666666666666666666166666666666666666666166666666666666666666

 

 

 

 

 

Депутаттар қатысушыларды Президенттің бастамалары мен мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы хабардар етті.

17.07.2018 ж. Бұл күні депутаттар Ақтөбе қаласының Достық үйінде және облыстың Алға ауданында болды.

Достық үйінде депутаттар диаспора өкілдерімен кездесіп, Достық үйінің құрылымы мен жұмысын ұйымдастырумен танысты. Достық үйін аралап, музей экпонаттарын тамашалады. Музейде облыстағы барлық  ұлт өкілдерінің экспонаттары қойылған. Достық үйінің мақтанышы – 300 орынға арналған көрермен залы.

166666666666666666666666666661666666666666666666666666666616666666666666666666666666666

 

 

 

 

Кездесу барысында диаспора өкілдері өз жұмыстары, атқарылған іс-шаралар, жоспарлар мен мәселелер туралы ашық айтты.

Депутаттар өз кезегінде республикадағы тұрақтылықты, халықтар достығын сақтауда  ұлтаралық орталықтың рөлін ерекше атап өтті.

Кейін депутаттар Алға ауданына жолға шықты. Жол бойында депутаттар Есет Батыр мемориалды кешеніне тоқтады. Кесенеге соғып, батырдың тарихымен танысты. 

 Аудан орталығында депутаттар әкімдік, ІІД және прокуратура, ТЖ мен әділет саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесулерде үнемі кәсіби қызмет, алдын-алу жұмыстары, заңды сақтау туралы әңгіме қозғалды.

 Өз кезегінде депутаттар қызмет жұмысын ұйымдастыру, заңды және Президент бастамаларын орындау жұмыстары туралы тілге тиек етті. Депутаттар қатысушыларды Заңнамадағы жаңашылдықтармен таныстырды. Саламатты өмір салты, нашақорлықпен, ішімдік және қылмыспен күрес сияқты сұрақтарға да ден қойылды. Алимент төлету жұмыстарын күшейту қажеттігі де айтылды.

16666666666666666666666666666666

 

 

 

 

 

18.07.2018 ж. Жұмыс сапарының соңғы күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстың Мартүк ауданында болды.

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихат депутаттарымен, аудандық Қоғамдық кеңес өкілдіремін және «Қазтелеком» қызметкерлерімен кездесу өтті. Әртүрлі бағыттағы сұрақтар талқыланды. Шалғайдағы ауылдарды, мектептерді интернет желісіне қосу мәселесі ерекше талқыға түсті. Заңдардың мазмұны мен әзірленуіне қатысты Мәжіліс тарапына да сын  айтылды. Бұл зейнеткерлік жас, зейнетақы төлемдерін төлеу және зейнетақы көлеміне қатысты болды.

Бұдан кейін депутаттар аудандық сот, прокуратура және ЖПҚ жұмысымен танысты.

166666666666666666666666666666666666

 

 

 

 

 

Мысалы, аудандық сотта сот орындаушыларының, соның ішінде жеке сот орындаушыларының жұмысы талқыланды. Ауданда сот орындаушыларының тапшылығы байқалып отыр.

Аудан прокуратурасында депутаттар алдын алу жұмыстары, халықпен жұмысты ұйымдастыру, хаттар мен еңбеккерлердің өтініштері бойынша жұмыс туралы толыққанды ақпарат алды.

ЖПҚ кездесу барысында штаттық кесте, учаскелік полицейлердің жұмысы, шетел азаматтарымен жұмыс жасау сияқты сұрақтар көтерілді. Шетел азаматтарымен жұмыс жасау Ресей шекарасына жақын орналасқандықтан ерекше мәнге ие.

Депутаттар заңды қатаң сақтау, алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын, ЖПҚ қызметкерлерінің халық алдындағы жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Прочитано 127 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.