Понедельник, 30 июля 2018 15:08

Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы М.Әубәкіровтың Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Е.Каналимовпен кездесуі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

 26 шілде күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы М.Әубәкіров Астана қ. Байқоңыр ауданының әкімі Е.Каналимовпен кездесті. Кездесу мақсаты өзара бірлесе отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу болды.

Кездесуде Астана қаласындағы ет-сүт және көкөніс өнімдерінің бағасын төмендету тақырыбы қозғалды. Қалалық комитет жетекшісі Целиноград ауданының әкімдігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесу ұйымдастыруды ұсынды. Оның мақсаты олардың өнімдерін делдалсыз  тікелей сатып алу үшін сауда нүктелерін ұйымдастыру.  Бұл бастама әкім тарапынан қолдау тапты. Екі жақ бұл мәселені шешу бойынша нақты шешімдер қабылдады. Е.Каналимов ауданның әртүрлі жерлерінен және жаңа «Алай» сауда орталығынан ет-сүт және көкөніс өндірушілерге бірнеше павильон ұсынуға әзір екендігін айтты. Жергілікті көкөніс өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында М.Әубәкіров қала билігіне Астанадағы көкөніс сақтау қоймаларында өнімдерді сақтау үшін жеңілдік мәселесін қарастыруды ұсынды. Өндірушілерге өнім сақтайтын орын болса, олар өнім ауқымын да молайтар еді. Себебі оларда өздерінің сақтайтын қоймалары жоқ.

Коммунистің екінші көтерген сұрағы – жылыжайларда қияр мен қызанақ өсіретін «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС бағаларын төмендете алмай отыр. Себебі қарама-қарсы тұрған ЖЭО-дан делдалдар арқылы жеткен электр қуатының бағасы үш есеге артып келеді. Марат Әбдуалиұлы жылыжайға ЖЭО-дан тікелей электр қуатын жеткізуді ұсынады.

Прочитано 44 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.