Среда, 01 августа 2018 15:38

М.Магеррамовтың БҚО-дағы жұмыс сапары Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Жазғы жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының мүшесі Магеррам Магеррамов Батыс Қазақстан облысында болды.

9 шілде күні халық қалаулысы ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымовпен бірге облыстық  және Орал қаласы прокуратурасының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар депутат облыстық сотта да болды. Кездесу барысында қабылданған жаңа заңдар мен сот-құқықтық саласындағы реформалар талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

10 шілде күні мәжілісмен Зеленов ауданындағы бірқатар нысандарда болды. Ең алдымен М.Магеррамов жуырда ашылған аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, ауданның тарихи, мәдени, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен танысты. 

Аудандық ішкі істер бөлімі мен аудандық сот қызметкерлерімен депутат қоғамдық тәртіп, құқықтық мәдениеттің дамуы мен медиация мәселелерін талқылады. Аудандық орталық аурухананың басшылығымен депутат денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері мен заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мәселелерін тілге тиек етті. 

Сонымен қатар депутат ауданның Достық үйінде болып,  орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

 Сол күні Магеррам Мамедович Ақжайық ауданына ат басын тіреп, аудан әкімі Әділ Жоламановпен кездесті. Әңгіме барысында әкім ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты, ал депутат Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысына қатысты қызығушылық танытты. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде М.Магеррамов АІІБ, прокуратура, аудандық сот және әділет басқармасын назардан тыс қалдырған жоқ. Сонымен қатар ол емханада, «Радуга» славян ұлттық-мәдени орталығында және В.И Чапаев атындағы мемориалды музейде болды.

11 шілде күні депутат Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Өз сөзінде М.Магеррамов мұндай кездесулер депутаттың жұмысын жаңа мәліметтермен толықтырып, қоғамдағы мәселелер мен жағдайлардан хабардар ететіндігі туралы айтты. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары жұмыс барысында тап болатын мәселелермен бөлісті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығымен және қала мен облыстың емдеу мекемелерінің өкілдерімен кездесу барысында халық қалаулысы медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат алды. 

Дәл сол күні Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада М.Магеррамов облыстық мәдениет басқармасы мен жергілікті кітапханалар мен музей қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәдени орталықтарды дамыту мен мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы және әлеуметтік жағдайы талқыланды. Бұл жерде халық ақыны, жазушы Жұбан Молдағалиевке «Халық қаһарманы» атағын беру ұсынысы айтылды. 

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінде генерал-майор Ж.Жұмашев мәжілісменді елді мекендерде өртке қауіпті және суға шомылу маусымына қатысты  өткізілген дайындық және мониторинг нәтижелерімен таныстырды.  

12 шілде күні депутат БҚО-дағы Теректі ауданында болып, аудандық ішкі істер органдары басшылығымен және аудандық мәслихат хатшысы А.Нұрғалиевпен кездесті. Кейін халық қалаулысы Теректі ауданының Достық үйінде болып, «Сябры» этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Плетенаямен әңгімелесті.

image3image2

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.