Вторник, 28 августа 2018 13:43

Павлодардағы жеке секторларды жер асты суларының басу мәселесі шешіледі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Су жинақтаушының құрылысы Павлодар мемлекеттік технология колледжі аумағында жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. тілшісі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетов мәлімдеді.

-          Екінші Павлодар тұрғындарының негізгі мәселесі – аулалар мен шаруашылық қора-жайларды басып, үйлерге кіретін су, - деді Нұржан Әшімбетов.  –  Кәріз су басатын жерден екі орамнан кейінгі Димитрова көшесінде орналасқан.  Бұған дейін екі магистраль жүргізілді, судың 70 пайызы кептірілді, сол үшін тұрғындардан алғыс алдық.

 Әкімнің айтуынша, бұл жеткіліксіз, қосымша шаралар да қажет. Технология колледжінің аумағында су жинақтаушының құрылысы басталады. Сонымен қатар Суворова көшесінің шекарасына дейін бұрып апаратын су таратқыш өткізу жоспарда бар. 

-          Біз бұл жұмыстарға осы аптада кірісеміз, - деді әкім, - неміс мамандары жабық су жинақтаушы жасауды, суды қайта пайдалану үшін тазартқыш фильтр орнатуды ұсынып отыр. Сондай-ақ бұл жұмысқа Алматыдағы ҒЗИ-дің мамандары да атсалыспақ, олар кәріз сулары деңгейінің көтерілуінің негізгі себептерін табу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

-          Естеріңізге сала кетейік, жаз басында Екінші Павлодардың сегіз көшесіндегі шамамен 200 ауланы су басып, үйлерге дейін су кірген болатын.  Бұған байланысты қоғамдық қабылдауға азаматтар тарапынан өтініш түскен.

http://www.gorodpavlodar.kz/News_64036_2.html

7878

Прочитано 33 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.