Среда, 29 августа 2018 10:38

Қарағандылық коммунистер «Үміт» МЕҚ» қоғамдық бірлестігінің «Сәлем, мектеп!» акциясына қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

25 тамыз күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы «Үміт» Мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жаңа оқу жылына орайластырылған іс-шарасына қатысты.

- «Үміт» ұйымымен бізді  достық пен тұрақты ынтымақтастық байланыстырады, - деді ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин. – Қоғамдық ұйымның жетекшісі Валентина Власова ҚКХП-ның мүшесі, біздің барлық іс-шараларымызға тұрақты түрде қатысып тұрады, бізді де өздерінің іс-шараларынан тыс қалдырмайды.

Биылғы жылы партияның ұйымдастыратын «Мектепке жол» акциясы «Үміттің» «Сәлем, мектеп!» акциясымен тұспа-тұс келді. Сондықтан халық коммунистері «Үміт» ұйымына құр алақан келген жоқ. Коммунистер мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған үш оқушыға мектепке қажетті құралдар табыстады.

-Үлкен рахмет! –деп «Үміт» МЕҚ» ҚБ жетекшісі Валентина Власова қонақтарға  алғысын білдірді. – Біздің балалар үшін бұл үлкен қуаныш, себебі олар мейірім мен қамқорлықты ерекше сезінеді және бағалайды!

4й4й4й4й

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.