Пятница, 31 августа 2018 12:30

Қарағандылық коммунистер «Мектепке жол» акциясын жалғастыруда Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағандының халық коммунистері «Мектепке жол» акциясын жалғастырып жатыр. Осы акция аясында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин мен екінші хатшы Анатолий Баранов 27 тамыз күні Қарағанды қаласының №78 орта мектебінде болды.

Комитет өкілдері әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан бірінші сыныптың бес оқушысына мектепке қажетті құралдар жинақталған сөмкелер табыстады.  Балалар мен олардың ата-аналары ерекше қуанышқа бөленді. Олар партиялықтарға алғыстарын жеткізді, ал балалар озат оқушы атануға уәде берді.

-          Ұстаздар атынан сіздерге алғыс айтамын, - деді мектеп директоры Александр Мяленко. – Сіздердің партияларыңыз халыққа жақын.  Сіздер Мәжіліс деңгейінде талай мәрте қарапайым халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтердіңіздер. Сіздер осы жолы да шынайы халықтық партия екендіктеріңізді дәлелдеп отырсыздар. Рахмет сіздерге!

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз қызметі

крг1крг1крг1

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.