Пятница, 31 августа 2018 13:08

Қарағандылық обком ардагер-кеншілерді құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағандының халық коммунистері Кеншілер күніне қарсы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің екі ардагері Виктор Чайка және Виктор Киммен кездесу ұйымдастырды.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің кеңсесінде көмір өндірісінің ардагерлері үшін дастархан жайылды. Құрметті қонақтар өздерінің еңбек жолдары, шахталардың дамуы мен құрылуы, қызметтестері туралы естеліктерімен бөлісті. Обком жетекшілігі Көмір департаменті ардагерлер кеңесінің өкілдеріне қаланың дамуына қосқан үлестері мен тұрақты серіктестіктері үшін мақтау қағаздарын табыстады.

- Ерен еңбектеріңізге үлкен рахмет! Біздің партияның өткізетін іс-шараларына белсене қатысатындарыңыз үшін алғыс айтамыз, - деп ризашылығын білдірді ҚКХП Қарғанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин.

Ардагерлер халық коммунистеріне кеншілер мен ардагерлердің мәселелеріне ерекше назар аударып жүргендіктері үшін  алғыстарын айтты.

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз қызметі

1111111111

Прочитано 37 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.