Вторник, 04 сентября 2018 10:03

«Шапағат» мектепке дайындайды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті «Шапағат» мектепке дайындайды» қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында коммунистер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмектесті.

Биылғы жылы облыстың халық коммунистері Екінші Павлодар ауданында тұратын, үйлері жер асты суларынан зардап шеккен отбасыларға қол ұшын берді.

Жаңа оқу жылына балаларға оқуға қажетті мектеп құралдары табысталды.

«Біздің мақсатымыз – ата-аналарға балаларын мектепке дайындауға көмектесу. Олардың отбасылық шығындарын азайту. Бұл отбасылар өздерінің барлық жиған-тергендерін үйлерінің жөндеу жұмыстарына жұмсап отыр», - деді акция жетекшісі Г.Нұғманова.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті

IMG 0897 29 08 18 16 49 

Прочитано 30 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.