Понедельник, 10 сентября 2018 11:56

Селеті су қоймасы мәселесі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

5 қыркүйек 2018 ж.жарияланды                                          

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

 Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Қ.П. Қожамжаровқа

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Қайрат Пернешұлы!

Әр заманда жақсы қожайындар қыс қамын жаз ойлаған. Осы жолы да әңгіме Мемлекет басшысының ел аймақтарында төтенше жағдайды болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау туралы тапрсымасын орындау жайлы болмақ. Жаңа бюджет жобасымен жұмыс істеу алдында осы мәселеге назар аудару аса маңызды деп санаймыз.

Біз Сізге жүгініп отырмыз, себебі салалық министрліктердің біздің сауалдарға берген жауаптары қажетті шара қабылдаумен сабақтаспайды.

Тиісті республикалық құрылымдар мен жергілікті билік орган басшыларының «бәрі бақылауда» деген есептері, шынайы болмысты бұрмалау мәселені созылмалы түрге жеткізіп, оларды жоюды күрделендіре түседі. Кешіккен белсенділік өзінің өзектілігін жоғалтады, әртүрлі деңгейдегі бюджетті үлкен шығындарға әкеп соқтырады, тіпті қайғылы шығындарға дейін барады.

 Аймақтардағы іс-сапарлар, тұрғындардың хаттары бізде күтпеген катаклизмдер ресми есептердегі болжамдардан да көп болуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр.

Мысал ретінде Ақмола облысындағы Селеті су қоймасы мәселесін келтіріп отырмыз.

  Комиссиялық талдау МТС-тің апаттық жағдайда екендігін дәледеді. Ол 1966 жылы іске қосылып, құзыретті мемлекеттік органдар тарапынан қараусыз қалған. 2012 жылы басталған жөндеу жұмыстары қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты соңына дейін жасалынбаған. Жоба-сметалық құжаттар ескірген және түзетулер үшін қосымша шығынды талап етеді. 2016 жылы МТС-тің жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен бөлінген 21 миллион теңгенің мақсатты және сапалы жұмсалуы да күмән тудыртып отыр.

Су қоймасының бұзылуы Степногорск қаласын ауыз су және техникалық судың қайнар көзінен айыруы мүмкін.  Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар елді мекендері үшін су астында қалу қаупі бар. Мұның мемлекет үшін экономикалық шығынын елестетудің өзі қиын.

  Қорғалатын аймақ тәртібін сақтауға міндетті Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жұмысы тиімсіз. Браконьерлік болса бұқаралық сипатқа ие болған. Таза ауыз суда шаяндар мүлдем жоқ, балықтар да жойылып барады. Тұрғындардың айтуы бойынша, көп жылдар бойы балықтар республика бойынша  тыйым салынған қытайлық аумен ауланған.  Балық аулаушыларға лицензияны кім берген деген сұрақ туындайды. Су қоймасы маңайдағы ауыл малдарының суатына айналған. Мұның өзі тұрғындардың арасында жұқпалы аурулардың таралу қаупін тудыртады.

 Осыған орай, Сізден сұрайтынымыз:

  1. 2019 жылғы су тасқыны маусымында табиғи және техногенді сипаттағы апаттық жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті билік органдары мен министрліктер және ведостволардың қолданатын шараларын қарастыру. Бұл жұмысқа жеке-дара жауаптыларды анықтау. Бюджетпен жұмыс барысында қауіпті аймақтардағы мәселелерді жою үшін қажетті қаражатты қарастыру.
  2. Степногорск қаласының тұрғындары мен ел экономикасы үшін Селеті су қоймасының маңызын ескере отырып, тиісті министрліктер мен ведомстволарға нақты бар қауіпті жою бойынша алдын алу шараларын қабылдауды тапсыру.
  3. Нысанда косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесінен бас тарту. МТС-қа толыққанды техникалық тексеріс жүргізу үшін ғылыми мекемелерді, тиісті лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерін тарту.
  4. Бас прокуратурамен, өзге де құзыретті органдармен бірлесе отырып, 2016 жылы бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын және атқарылған жұмыстың сапасын тексеру. Шаяндар мен әртүрлі балық ресурстарының азаю салдарын анықтау, лицензия беру, браконьерлерге қатысты әрекетсіздікке қатысты құзыретті органдардың жауапкершілік шарасын анықтау. Су қоймасына балық жіберудің жол картасын құру, белгілі мерзімге  балық аулауға тыйым салу.
  5. Су қоймалары аймағы бойынша санитарлық ереже талаптарына сәйкес, тұрғындардың ауыз су арқылы қауіпті ауруларға шалдығуының алдын алу үшін жануарларды судан оқшаулап, күзет мекемелерінің қызметін күшейту қажет.

Заңда белгіленген мерзімде қабылданған шаралар жөнінде жауап беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Сыздықов Т.Ы.

Ахметбеков Ж. А.

Баймаханова Г. А.

Қоңыров А. О.

Косарев В. Б.

Магеррамов М. М.

Смирнова И. А.

Прочитано 13 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.