Вторник, 11 сентября 2018 16:40

ДОСТЫҚ АВТОШЕРУІ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы қалалық комитеті осы жылдың  18-31 мамыр аралығында «Махаббат, комсомол және көктем» атты автошеру ұйымдастырды. Бұл автошеру Бүкілодақтық Лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдығына орай өткізілді.

Автошеру өте қызықты өтті, ең бастысы Қазақстан мен Ресей коммунистік партиялары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай  дамытуға өз септігін тигізді.  Автошеру бағдары Алматыдан Ульяновскіге дейін созылды. Экспедиция ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Әлібек Шапеновтың бастамасымен, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ұйымдастыруы және қаржыландыруымен іске асырылды.

 Автошерудің басты мақсаты – Қазақстан және Ресей коммунистік партиялары арасындағы байланысты дамыту, партиялық жұмыс тәжірибесімен бөлісу, БЛКЖО-ның 100 жылдығына қоғам назарын аударту.  Автосапар туралы Ә. Шапенов былай дейді:

-              Шерудің бағыты кездейсоқ болған жоқ. Қазақстанда ол Ұлы Жібек жолы өткен қалаларды қамтыды. Қызылорда облысындағы Қазалы қаласын ерекше атап өтуге болады. Бұл жер қазақ халқының дара тумасы, Қазақстанда комсомолдың негізін салушы Ғани Мұратбаевтың туған мекені.  Ғани Мұратбаев атындағы Қазалы аудандық мемориалды музейі ерекше әсер қалдырды. Бұл жерде алғашқы қазақстандық комсомолдың жеке заттары мен құжаттары сақталынған. Қазақстанның барлық аймақтарындағы коммунистер автошеру қатысушыларына ерекше ілтипат көрсетті. Ресей аумағында біз Димитровград, Ульяновск, Чебоксары, Казань, Уфа қалаларын басып өттік. Башқұртстанда делегация Нижнеяркеево селосында болды. Бұл село ашаршылық жылдары  қазақ отбасыларына пана болып, құтқарып қалған.

Экспедицияның негізгі нүктесі Үльяновск қаласы болды. Бұл қала әлемдік пролетариат көсемі Владимир Ильич Ульяновтың (Ленин) туған жері, соның құрметіне 1924 жылдан бері осы атауға ие болған. Ульяновскіде коммунистер В.И.Лениннің музей-мемориалын,   музей-үйін тамашалап, келушілер кітабында алғыс жазбаларын қалдырды.

-              Автошеру барысында әрбір елді мекенде КПРФ-тың жергілікті комитетерінің жетекшілері мен белсенділерімен кездесулер өткізілді, - деп атап өтті Ә. Шапенов. – Біз партиялық жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ынтымақтастықты дамытудың басты бағыттарын айқындап, алдағы уақытқа жұмыс жоспарын құрдық. Мұндай кездесулер партиялық жобаларды іске асыру бағытында, жастар саясаты мен заң шығарушы орган қызметіне қатысуға, тиімді жұмыс тәсілдерін ұйымдастыруға жақсы мүмкіндіктер береді. 

АвтопробегАвтопробег

 Автошеруге ҚКХП АҚК Жастар комитетінің көшбасшысы Мұхтар Рахымжанов және «Ak Turk» қоғамдық ұйымы мен «Қорқыт» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

-              Қазақстан мен Ресей тұрғындары бұл іс-шараға  үлкен қызығушылық танытты, - дейді экспедиция жайлы М.Рахымжанов. Біздің ойымызша, автошеру өз мақсатына жетті. Ресейлік коммунистер бізге үлкен қонақжайлылық танытты.  Біздің қызметтік бағытымыз бойынша да ортақ дүниелер көп екен. Алдағы уақытта бірлесе атқаратын іс-шаралар да көп. Идеология мәселелері мен жастар жұмысын жандандыру бағыттары бойынша конференциялар, форумдар, кездесулер ұйымдастыру жоспарда бар.  Ең басты түйгеніміз, өзара серіктестік бұл – біздің болашағымыз, біздің күшіміз.

Разия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 50 раз
Другие материалы в этой категории: « Комсомол және тың игеру ЖАС КӨШБАСШЫЛАР »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.