Четверг, 13 сентября 2018 11:33

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Б.Ә.Сағынтаевқа Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Б.Ә.Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Жұмыс сапары барысында халық арасында болып, азаматтарымыздың  мемлекеттік органдарға, әсіресе Үкіметке аз сенетіндігіне  тағы да бір мәрте көзіміз жетті. Бұған бірнеше себеп бар. Көп жылдар бойы халық тұрғын үй коммуналды қызмет және күнделікті қолданыстағы тауар бағасының өсіміне шағымданып келеді. Адамдар бағаны ұстап тұрудың бәсекелестік жүйесі қашан жұмыс істейді деп күтуде.

Үкімет меморандумдар мен басқа да реттеуіштерді қабылдауға тырысып жатады, бірақ   адамдар жалақы мен зейнетақыдан және өзге де әлеуметтік төлемдерден жарты жыл бұрын баға өсімін жасайтын реттелген бағалық келісімді көреді. Ал бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейін азаматтар келеке ретінде қабылдайды.

Дұрыс құрылған нарықтық жүйе тұрақты табыс әкеліп, халықтың әл-ауқатын арттыруы тиіс. Ал бізде баға тұтынушы сұранысымен ұсталынып тұрады.

 Коммуналды шаруашылық жағдайы тұрғындардың наразылығын тудыртуда. Энергетиктер өз қызметтерін су, жылу жүйесі, қазандық қызметіне сатады, су жүйесі жылу берушілерден өз пайдасын өндіреді. Сөйтіп осының барлығы тұтынушылардан алынады. Мұның барлығы бейберекет және ебедейсіз екендігін Үкімет  түсінгісі келмейді, керісінше, жаңа салымдарды енгізу арқылы үдете түседі. Бұл жерде делдалдар да жақсы бекініп алған. Олар арқылы көмір, су, мазут және электр қуаты сатылады. Мұндай жерде жемқорлық пайда болатыны айдан анық.

 ПИК-дің орнына «Мүліктің меншік иелері бірлестігі» деген жаңа форма енгізілмекші. Жаңа құрылым тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін емес, азаматтар есебінен жаңа құрылымдардың табысын көбейту үшін енгізіліп жатыр. 

 Біздің Фракция коммуналды меншік нысандарын бір кәсіпорынға біріктіруді  және оның меншік кешенін ең төмен тариф ұсынғандарға беруді ұсынады. Бұл ұсынысты біз бірінші рет айтып отырған жоқпыз.

Көмір және ЖЖМ жағдайы да мәз емес, бұлардың бөлшек саудадағы бағасы өз құнынан үш, алты есе асып отыр.  Үкімет үстеме пайданы салық арқылы ұстап тұра алар еді, бірақ оны істеп отырған жоқ, сол себепті халық Үкіметке деген наразылығын жасырар емес.

Елде алып-сатарлар мен делдалдар сайран құрып жүр. Халық  олар жеке шенеуніктердің қолдауын тауып, тіпті соларға жұмыс істейді дейді. Мұның барлығы тауар өндірушілер мен тұтынушылардың ашуын келтіріп отыр. Ең бастысы күн санап «жеңіл» ақша табушылар саны артып келеді.

 2012 жылдан 2018 жылға дейін жұмыртқа бағасы бір жарым есеге өскен, қазіргі таңда жұмыртқаның он данасы 350 теңгені құрайды. Қосымша капиталды салымдарсыз халықтың қолындағы құс санын кем дегенде екі есеге арттыруға болар еді.  Бұл арқылы біз арзан жұмыртқа мен құс етіне қол жеткізіп,  шетелден құс етін әкелуді тоқтатар едік.  Ал ауыл тұрғындары тұтас жұмыспен қамтылар еді.

 Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды бағалай келе, біз Үкіметті біз көтеріп отырған мәселелерге және өзге де әлеуметтік үдерістерге мән беріп, ден қоюға шақырамыз.

Меморгандар азаматтарды олардың мүдделері мен жағдайын есепке алмастан өздерінің қабылданған ұстанымдарын қолдауға шақырады. Ал халықтың материалдық және рухани сұраныстарына жауап бере алмайды немесе жауап бергілері келмейді. Бұл халықтың 62%-ы ай сайын 50 мың теңге көлеміндегі табысқа қол жеткізіп отырған жағдайда.

 Меморгандардың халыққа деген  біржақты қарым-қатынасы ел арасында пессимизм мен апатия тудыртады, мұның барлығы билікке деген сенімді жояды. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға халықтың тұрмысы мен өміріне қатысты мәселелердің шешімін қабылдайтын кез жетті деп ойлаймыз.

 Нарықтық реформаларға қатысты шетелдік авторлардың бағдарламалық ұстанымдары ешқандай серпіліс бермейді. Өмір көрсетіп отырғандай, олардың басым бөлігі өз елдері мен трансұлттық құрылымдардың пайдасы үшін шиеленістер мен теке-тірестер тудырту мақсатында өтірікке құрылған дүниелер.  Адамдардың әл-ауқатын арттыру мақсатына жауап беретін халықпен байланыстың өзіміздің жаңа ұстанымымызды құрудың кезі келді деп ойлаймыз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

 05.09.2018 ж. жарияланды.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары                                                             В. Косарев                        

                                                                                                                                    Ж. Ахметбеков

                                                                                                                                    Г. Баймаханова

                                                                                                                                    А. Қоңыров

                                                                                                                                    М. Магеррамов

                                                                                                                                    И. Смирнова

                                                                                                                                    Т. Сыздықов

Прочитано 32 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.