Четверг, 13 сентября 2018 12:56

«Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

12 қыркүйек күні ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. Оған Білім беру басқармасының, Білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, Ардагерлер кеңесінің, ҮЕҰ-ның, «Ақ жол» ХДП-ның өкілдері мен қоғам қайраткерлері және обком белсенділері қатысты.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы жастар саны шамамен бес миллион адам. Алайда осы күнге дейін елімізде жастар саясатының нақты мемлекеттік стратегиясы жоқ.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар құрылу кезінде-ақ өздерінің өзектілігін жойған. Ондағы айтылатын түсініктер ресмиленген және жастар үшін жат. Қазіргі заман жылдам және икемді жауап қайтаруды талап етеді, өкінішке орай мұны біз шенеуніктерден көре алмадық.

Жастар арасында дәстүрлі құндылықтар мен асыл мұраттарды насихаттау бойынша ақпараттық саясат нақты айқындалмаған. Қазақстандық БАҚ-тың жастарға арналған ақпараттық контенті әдетте жергілікті колоритке бейімделген шетелдік аналогтардың көшірмесі. Патриотттық мазмұндағы қазақстандық контент қызықсыз я болмаса сапасыз болып келеді. Сондықтан жастар батыстың бағдарламаларын, кино мен сериалдарын таңдауға бейім. Олар сол арқылы олардың құндылықтары мен ұстанымдарын қабылдайды.

 Жастар саясатындағы олқылықтардың кесірінен жастардың мақсаттары мен мінез-құлық стереотиптері де өзгерген. 2017 жылы Қазақстандағы жастар трендін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жастар өмірдің қарапайым сценариіне бейім, көп жағдайда олардың жұмысқа ынталары жоқ, бірақ ақша тапқылары келеді.

Білім алу ынтасын төмендетіп отырған тағы да бір фактор – сапасы төмен білім. Жас буын сапалы білім көзі ретінде шетелдік ЖОО-ды қарастырады. Соңғы жылдары бұл үлкен мәселеге айналып отыр. Көрші мемлекеттер Қазақстанның абитуриенттері үшін жайлы жағдай жасап отыр. Сол арқылы өз елдеріне дарынды әрі қабілетті кадрларды тартады. Ел үшін бұл үлкен шығын, себебі шет елге білім алуға кеткен жастардың басым бөлігі елге қайтып оралмайды. Олар білім алған жерлерінде орнығып қалады.

Көптеген жастар Қазақстаннан көшіп кетуді армандайды. Бұған экономикалық ахуал себеп болып тұр. Жастар жақсы жұмыс, карьералық өсім үшін шекара асып жатыр. Мұның барлығы мемлекеттің жастармен нашар және тиянақсыз жұмысының салдарынан болып отыр. Жастарды тәрбиелеуге бағытталған көптеген іс-шаралардың қамту ауқымы аз, сондықтан олар тиімсіз. Жастардың басым бөлігі олар туралы білмей жатады. Көптеген жастар форумы БАҚ-та кеңінен жарияланбайды. Осының салдарынан жастарды шоғырландыру қиын. Жастар үшін тәжірибе алмасудың республикалық алаңы жоқ. Жас көшбасшылар үшін танымал пікірталас алаңдары да аз. Бұл жағдайды жазғы лагерь формасында ұйымдастырылған Республикалық жастар форумы арқылы түзеуге болар еді. Бұл жерде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар тәжірибе алмасып, өз қатарластарымен байланыс орната алар еді.

Қазақстанның жастары елдің қоғамдық-саяси өміріне араласу мүмкіндігінен айырылған. Жергілікті атқарушы органның жанынан құрылған Жастар ісі жөніндегі кеңестер, жастар мәслихаты ресми түрде ғана қызмет жасайды. Олардың тізімдерін кеңес жетекшілері құрастырады. Бұл құрылымдар өзге адамдар үшін жабық, белсенді жастар олар жайлы бейхабар немесе олардың қызметіне мүлдем араласпайды.

Кеңес заманында жастармен жұмыс жасаудың жарқын моделі жұмыс істеген. Мемлекет кеңес азаматтарын тәрбиелеуге ерекше назар аударған. Жастармен жұмыс жасау ісіне Лениндік Комсомолдың қосқан үлесі зор болған.

Комсомол көптеген жас ұрпақ үшін өмір мектебіне айналды. Азаматтық соғыс жылдары комсомолдықтар бүкіл елмен бірге кеңес билігі үшін күресті, алғашқы бес жылдықтардағы құрылыста ерен еңбектің жарқын үлгісін көрсетті, Ұлы Отан соғысы майданында шайқасты, соғыстан кейін елді қалыпқа келтіруге атсалысты, тың игерді, жаңа қалалар тұрғызды. Әрбір тарихи кезеңде комсомол қатарынан мыңдаған жас қаһармандар шығып отырды.

Қазақстандағы жастар саясатында олқылықтардың бар екендігі сөзсіз. Жағдайды қазірден бастап түзеу қажет. Осыған орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясы:

* жастар арасында тәжірибе алмасу және байланыс орнату мақсатында жастар форумдары мен жазғы лагерьлер өткізу;

* жас өспірімдер арасында қылмыс пен девиантты тәртіп деңгейінің артуы салдарынан Қазақстан жастарын адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын арттыру, соның ішінде жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында түпнұсқадағы ақпараттық контент құру үшін мемтапсырысты арттыру;

* балалар мен жастар ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету – аула клубтары мен балалар үйірмелерінің интернет сайттарын тегін құру және сүйемелдеу;

* жергілікті атқарушы органдар жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмысын жандандыру (кеңес құрамында аймақтағы барлық жастар ұйымдарының өкілдері болуы тиіс; кеңес төрағасы сайлау негізінде тағайындалуы тиіс) қажет деп санайды.

Жастар белсенді болуы тиіс, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге ынталы болуы міндетті, алайда олар бұл жолда түрлі кедергілер мен қиындықтарға тап болып жатады. Қоғам жастардың өзін-өзі танытуы мен олардың қоғамдық үдерістерге белсене кірісуі үшін қажетті жағдай жасауы қажет. Бұл әлеуметтік, мәдени және экономикалық ұдайы өндірісті қамтуға мүмкіндік береді және қоғамдық дамуды үдетеді.

Пікірталасқа қатысушылар да өз ұсыныстарын ортаға салды:

-              жастар арасында Д.Қонаев, Ж.Тәшенов, А.Асқаров және т.б. көрнекті мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметтерін насихаттау;

-              жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін қолайсыз отбасыларды анықтау;

-              жастар жоғары білімді ұлттық жоғары оқу орындарымен қатар кез келген тілде шетелде де алуы тиіс;

-              діни экстремизм діншіл адамдар контингентімен мақсатты түрде жұмыс жасауды талап етеді.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті

P9121459P9121459P9121459P9121459P9121459P9121459P9121459

Прочитано 41 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.