Понедельник, 17 сентября 2018 11:40

«Кітап оқудың қажеті жоқ» Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитеті «Кітап оқудың қажеті жоқ» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарды Астана қаласының гуманитарлық колледжінің студенттері үшін «Другой разговор в Астане» жобасының жетекшісі Сұңқар Ислам өткізді.

Сұңқар Ислам Мортимер Адлердің «Как читать книги. Руководство по чтению великих произведений» кітабына талдау жасады. Оның негізгі тезисі - оқылған дүниені түсіну қажет, әйтпесе кітап оқудың еш мәні болмайтындығында.

«Көп адамдар шынымен кітап оқуға үйренді: олар әріптерден сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен абзацтар т.т. құрай алады. Адамдар оқып отырып, сюжеттің дамуын бақылай алады. Бірақ оқылған дүниеден кейін біздің дүниетанымымыз бен түйсігіміз кеңеймесе, өмірімізге ешбір өзгеріс енбесе, оның еш нәтижесі жоқ. Біз кітапты мазмұндап беру үшін оқымаймыз, ол бізге өмірімізді өзгерту үшін қажет.  Әрбір кітап бұл – дүниені түсіну құралы», - деді спикер.

Сұңқар Ислам кітапты тереңдете түсініп, ой түю үшін дұрыс оқу әдісімен бөлісті. Студенттер өмірінен бірнеше мысал келтірді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қызу пікірталас ұйымдастырды. Белсенді студенттерге қалалық комитет  кітаптар табыстады.

 Кеңес заманында коммунистер жастардың сауаттылық деңгейін көтеріп, оларды оқу мен жазуға үйреткен. Қазіргі таңда алты жасар балаға дейін оқу-жазуды таныған, бірақ барлығы бірдей түсіну, ұғыну қабілетіне ие емес. Сондықтан бұл іске осы жолы да коммунистер   кірісті.

кн1кн1кн1кн1кн1

Прочитано 21 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.