Понедельник, 17 сентября 2018 13:20

Студенттер арасында жастар мәселесі талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

13 қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Маңғыстау облыстық комитеті Ақтау қаласындағы политехникалық колледж студенттерінің арасында «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық талқылау өткізді.

Қазақстандағы жастар саясатында олқылықтардың бар екендігі сөзсіз. Жағдайды қазірден бастап түзеу қажет. Осыған орай бірінші хатшы Роза Махамбетова Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан  бірқатар ұсыныстар айтты:

- жастар арасында тәжірибе алмасу және байланыс орнату мақсатында жастар форумдары мен жазғы лагерьлерін өткізу;

- жас өспірімдер арасында қылмыс пен девиантты тәртіп деңгейінің артуы салдарынан Қазақстан жастарын адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын арттыру, соның ішінде жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында түпнұсқадағы ақпараттық контент құру үшін мемлекеттік тапсырысты арттыру;

- балалар мен жастар ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету – аула клубтары мен балалар үйірмелерінің интернет сайттарын тегін құру және сүйемелдеу;

- жергілікті атқарушы органдар жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмысын жандандыру (кеңес құрамында аймақтағы барлық жастар ұйымдарының өкілдері болуы тиіс; кеңес төрағасы сайлау негізінде тағайындалуы тиіс) қажет деп санайды.

Қоғамдық талқылау барысында өз ойымен журналист Ғалия Сәрсенқызы бөлісті. Ол  жастарды белсенді болуға, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге ынталы болуға,   түрлі кедергілер мен қиындықтарға төтеп беретін жастар екенін атап айтты. "Нұрлы Ақтау" ҚБ президенті, ҚКХП Маңғыстау ОК екінші хатшысы Нұргүл Төлегенқызы: - Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда, - деп айтты. Сонымен қатар ол студенттерге тегін техникалық,   кәсіптік білім беру, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларға ипотекалық жеңілдіктер қарастыру, жас мамандарды жұмыспен қамтудағы жеңілдіктер, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтті.

Қоғамдық талқылау соңында барлық қатысушыларға «Коммунист Казахстана» журналы таратылды. 

мм1мм1мм1мм1

Прочитано 47 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.