Понедельник, 17 сентября 2018 13:34

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы басшылығындағы өзгеріс туралы» Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Баспасөз хабарламасы

 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы басшылығындағы өзгеріс туралы»

 Бүгін,  2018 жылдың 17 қыркүйегінде Парламент Мәжілісінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының отырысы өтті.

 Фракция жетекшісі Косарев Владислав Борисовичтің  бастамасымен ұйымдастырушылық сұрақтар қарастырылды:

  • фракция жетекшісінің өкілеттілігін тоқтату туралы
  • фракция жетекшісін сайлау туралы

Косарев Владислав Борисович фракция жетекшісі өкілеттілігін тоқтатты. Ашық сайлау негізінде фракцияның жаңа жетекшісі болып бірауыздан ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы, фракция жетекшісінің орынбасары, депутат Қоңыров Айқын Ойратұлы сайланды.

Депутаттық фракцияның құрамы өзгерген жоқ.

ҚКХП ОК баспасөз қызметі

Прочитано 60 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.