Вторник, 18 сентября 2018 17:19

«Мектепке жол» акциясы Шетпе елді мекенінде өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Маңғыстау облыстық бөлімшесі Шетпе елді мекенінде орналасқан мектеп-гимназияда «Мектепке жол» акциясын жалғастырды.

«Мектепке жол» акциясы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция шеңберінде 5 оқушыға  канцелярлық тауарлар мен  жаяу жүргіншілерге арналған жадынама және жарық шағылыстыратын салпыншақтар таратылды. Бұл акция 1 тамыздан  30 қыркүйекке дейін жалғасады.

ҚКХП Маңғыстау ОК бірінші хатшысы Р.К.Махамбетова акция аясында білім беру органдары мен ұйымдары тамыз-қыркүйек айларында және оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқу озаттарына бірқатар іс-шаралар өткізетінін мәлімдеді.

шетпе1

Прочитано 22 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.