Среда, 19 сентября 2018 14:15

Атырауда жастар мәселесі талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 13 қыркүйегінде ҚКХП Атырау облыстық комитеті «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.  Қазақстанның жастарына не қажет? Жас ұрпақ мәселесі неліктен жиі көтеріледі? Жастардың өздері не жасай алады және нені қалайды, ал мемлекет жастар мен елдің дамуы үшін не істеуі тиіс және не істей алады? Басқосуда осындай сұрақтар талқыға салынды.

- Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы жастар саны шамамен бес миллион адам. Алайда осы күнге дейін елімізде жастар саясатының нақты мемлекеттік стратегиясы жоқ.  Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау бойынша нақты ақпараттық саясат жоқ.  Жастар рухани, моральды-психологиялық қолдауға, жаңа әлеуметтік философияға мұқтаж, - деді ҚКХП Атырау ОК бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

Облыстық комитет жетекшісінің айтуынша, қазақстандық БАҚ-тың   жастарға арнап шығаратын ақпараттық контенті  әдетте жергілікті колоритке бейімделген шетелдік аналогтардың көшірмесі. Ал патриотттық мазмұндағы қазақстандық контент қызықсыз я болмаса сапасыз болып келеді.

Қоғамдық пікірталасқа жастар ісі жөніндегі басқарма және саяси партиялар мен БАҚ өкілдері, комсомол ұйымының жетекшілері мен ҚКХП белсенділері қатысты.

атр1атр1атр1атр1атр1атр1атр1атр1

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.