Среда, 19 сентября 2018 15:51

Павлодарда жастар саясаты талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

14 қыркүйек күні Павлодарда комсомолдың 100 жылдығы қарсаңында ҚКХП Павлодар ОК ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең...» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

Басқосуға облыстық ішкі саясат басқармасы мен жастар саясаты басқармасының қызметкерлері, саяси партия мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты. ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Г.К. Нұғманова өз баяндамасында мемлекет өміріндегі жастардың рөлі мен кеңес жастарын тәрбиелеудегі комсомолдың тарихи маңыздылығы тақырыбына тоқталды. Еліміздегі жастар саясаты жағдайына анықтама берілді. «Бүінгі таңда жастар бұл – мемлекеттің стратегиялық ресурсы, өзге өндірістік-экономикалық ресурстардың барлығынан да маңызды экономикалық дамудың негізгі факторы. Сондықтан дені сау, жан-жақты, бәсекеге қабілетті, рухани бай жас тұлғаны қалыптастыруға жұмсалатын қаражаттың барлығы орынды. Қазақстандағы жастар саясатында олқылықтардың бар екендігі сөзсіз. Жағдайды қазірден бастап түзеу қажет», - деді спикер.

Г.Нұғманова қатысушыларды Қазақстан Коммунистік Халық партиясының елдегі жастар саясатын дамытуға қатысты ұсыныстарымен таныстырды: жастар арасында тәжірибе алмасу және байланыс орнату мақсатында жастар форумдары мен жазғы лагерьлер өткізу; жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында түпнұсқадағы ақпараттық контент құру үшін мемтапсырысты арттыру; балалар мен жастар ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету – аула клубтары мен балалар үйірмелерінің интернет сайттарын тегін құру және сүйемелдеу; жергілікті атқарушы органдар жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмысын жандандыру және т.б.

Павлодар облысы ішкі істер басқармасы қоғамдык бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі Дархан Қаржаубай мен жастар саясаты жөніндегі бас маман Манабаева Әйгерім атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті. Партия және үкіметтік емес сектор өкілдері жастарды, әсіресе ауыл жастарын кең ауқымда қамту, жастар ұйымдары мен саяси партиялар арасында тығыз ынтымақтастықты дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.    Бұған қоса облыс ауқымында өткен С.Торайғыров, М.Көпеев, Естай ақын сияқты тұлғалардың мерейтойларына арналған ірі іс-шараларға жастардың аз тартылуына қатысты сын айтылды.

павл жастарпавл жастар

Прочитано 21 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.