Четверг, 20 сентября 2018 16:37

Маңғыстаулық коммунистер «Шапағат» жобасы аясында «Рай» әлеуметтік көмек орталығының қамқорлығындағы жандарға көмек көрсетті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

17 қыркүйек күні «Шапағат» халықтық жобасы аясында ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті «Рай» жедел әлеуметтік көмек орталығының қамқорлығындағы әйелдер мен олардың балаларына көмек көрсетті.

Маңғыстаулық коммунистер аймақ тұрғындарын «Шапағат» халықтық жобасына қатысуға шақырады. Жоба барысында коммунистер халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына: көпбалалы/аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жетімдерге, қарт адамдар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға тегін көмек көрсетеді.

манг 1

Егер сіздерде өздеріңізге қажет емес заттар болса (әйелдер мен ерлерге, балаларға арналған кез келген өлшемдегі киімдер, сырт киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер, ойыншықтар, кітаптар, сөмкелер, канцелярлық тауарлар және т.б.), Ақтау қаласы, 2 шағын ауданында орналасқан Сұңқар бизнес орталығына әкеліп тапсыруларыңызға болады. Өмірдің қиын жағдайына тап болған отандастарымызға қол ұшын беріп, болашаққа деген сенімдерін арттырайық!

Байланыс телефондары: 8 7292 545 126, 8778 526 52 57.

 

Прочитано 24 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.