Четверг, 20 сентября 2018 17:20

Атырауда қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезі өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 қыркүйек күні Атырау облысының әкімдігінде Атырау облысы қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезі өтті. Қатысушылар қатарында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев та болды.

Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғам пікірін білдіру болып табылады. Қазақстанда қоғамдық кеңестер дамудың алғашқы кезеңдерінде болса да, олардың өткен тәжірибелерін қарастырған маңызды. Осы мақсатта қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезі де ұйымдастырылды.

 Кездесу қатысушыларының айтуынша, қоғамдық кеңестер сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді механизмі болып табылады. Бұған қоса қазіргі таңда қоғамдық кеңестер меморгандардың әртүрлі шешімдер қабылдау үдерісіне әсер етудің механизіміне айналып отыр. Қоғамдық кеңестер құру мемлекет үшін халықтың пікірін зерттеу құралдарының бірі  болып табылады. Қоғамдық кеңестер халық пен атқарушы билік арасындағы көпір қызметін атқарып тұр. Қоғамдық кеңестердің негізгі функциясы – билікке халық пікірін жеткізу. Оның үштен бір бөлігі меморгандардың өкілдерінен, ал қалғандары қатардағы қазақстандықтардан тұрады. Қоғамдық өмірге жастар да қатыса алады. Кеңестер мүшелері үшін жас ерекшелігін 18 жасқа дейін қысқартқан. Бұл студенттер мен жас мамандар өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсете білу үшін жасалынған. Кеңестерді мемлекеттік қызметте жоқ танымал қоғам қайраткерлері басқарады.

атрсъ1атрсъ1атрсъ1атрсъ1атрсъ1

Прочитано 38 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.