Четверг, 20 сентября 2018 17:45

Алматыда «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

14 қыркүйек күні Алматыдағы Оқушылар сарайында ҚКХП Алматы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – елдің өндірістік-экономикалық, рухани-идеологиялық және саяси дамуында жастардың рөлін анықтау, жастар саясаты мәселесін талқылау және ҚКХП-ның ұсыныстарын ұсыну. 

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Биғарова өз сөзінде қоғам дамуында жастардың маңызды рөлін айта келе, қатысушыларды Д.А.Қонаевтың ұрпақтары болып табылатын Диара және Жанна есімді қонақтармен таныстырды.

Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың  «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Ерлан Шопатаев қатысушыларды жастар арасында өткізілетін іс-шаралармен таныстырып өтті. Оның айтуынша, жыл сайын республикалық форумдар өткізіліп тұрады, оқушыларға, ЖОО және колледж түлектеріне барынша көмек көрсетіледі, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша да көптеген жұмыстар атқарылады. Басқарма өкілі Айгүл Сыдықова балалар мен олардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың қиындықтары туралы айта келе, білім беру және жалпы тәрбиелеу жүйесінің ақсаңдап тұрғанын жеткізді.

 Іс-шара соңында жұмыс тобы дөңгелек үстелдің қорытындысын шығарды.  Қатысушыларға Қазақстан Коммунистік Халық партиясының елдегі жастар саясатын дамыту және жандандыру бойынша ұсыныстары жазылған құжат мәтіні таратылды. Кездесуге шақырылған, бірақ қатыса алмаған инстанцияларға ҚКХП-ның бастамалары мекен-жайларына жіберілетін болады.

ҚКХП Алматы ОК

алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1алмжас1

Прочитано 48 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.