Суббота, 22 сентября 2018 13:23

Жастар коалициясы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 20 қыркүйегінде ҚКХП Астана қалалық комитеті Қазақстан Коммунистік жастар одағымен бірлесе отырып, «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ҚКХП, «Ақ жол» және «Жас Отан» партиялық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.  Бұған қоса дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласы әкімдігінің өкілдері атсалысты: Қоғамдық даму басқармасы жетекшісінің орынбасары және Жастар ресурстық орталығының қызметкері.

Отырыстың модераторы  ҚКХП Астана қалалық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы Сұңқар Ислам қатысушыларды күн тәртібіне қойылған сұрақтармен таныстырды.  Ал ҚКЖО төрағасы Балсарин Радмир баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында жастардың төмен құқықтық сауаттылығы, төмен жалақы және бос уақытта ауыл жастары үшін ешқандай жағдай жасалмағандығы туралы айтып өтті.

ҚКХП ЖҚ жетекшісі Жағыпар Аманқос тыңдаушыларды жастар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижелерімен таныстырды. Жастар арасында өзекті мәселелердің қатарында білім алудың қымбатшылығы, жалақының төмен деңгейі, бос уақытта мінез-құлықты дамытуға арналған тегін сауықтың жоқтығы бар.

 Жастар ресурстық орталығының өкілі Нұрпейісов Үкібай бұл мәселелерді шешуге бағытталған тегін бағдарламалар туралы айтып берді: SMART ASTANA, аула клубтарын дамыту, жас кәсіпкер мектебі және т.б. «Бұл жобалардың барлығы әкімдіктің қолдауымен іске асырылады, алайда олар туралы білетіндер аз», - деп қорытындылады Ү. Нұрпейісов.

 Сонымен қатар қатысушылар КСРО заманында өмір сүрген  ұрпақ тәжірибесін тілге тиек етті. Ол әлемдегі  ең жарқын әрі тиімді жастар қозғалысы – комсомол.

 ҚКХП мүшесі, бұрынғы комсомол белсендісі  Геннадий Филиппов КСРО Коммунистік жастар одағының ерекшеліктері мен бірегейлігі жайлы ой бөлісті.

  Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша парламенттік партиялардың жастар ұйымы бірлесе отырып іс-шаралар өткізуге және коалиция құруға ниет білдірді. Сонымен қатар ҚКХП жастары Жастар ресурстық орталығымен келісімге келіп, оның аясында жас коммунистер ЖОО мен орта білім оқу орындарының студенттері үшін таныстыру жұмыстарын жүргізетін болды.

аст1аст1аст1аст1аст1

Прочитано 60 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.